Didi акциялары биржада бірден 29 пайызға қымбаттады

Жарияланды
Артынан ақырындап арзандаған

Қытайлық Didi такси қызметінің акциялары Нью-Йорк қор биржасындағы (NYSE) сауда-саттықтың алғашқы минуттарында-ақ 28,5%-ға қымбаттап, құны  18 долларға дейін жетті. Алайда қатты өскен баға ақырындап құлдырауға көшті.  Бағалы қағаздар 11,29%-ға, яғни 14,77 долларға дейін  арзандады, деп жазады РБК.

Айта кетейік, компания  акцияларын саудаға 14  доллардан шығарған еді. Компания акциялары  DIDI белгісімен 16,65 долларға сатыла бастаған. TheWall Street Journal мәліметіне сүйенсек, Didi-дің капитализациясы 80 миллиард долларды құрады.

Didi 317 миллион ADS депозитарлық акциясының бір қағазын 14 доллардан сату арқылы  4,4  миллиард доллар қаржы тартты. Бастапқыда 288 млн ADS сату жоспарланған, алайда инвесторлар тарапынан сұраныс байқалған соң, орналастырылған акциялар көлемі  10%-ға артты.
Компания IPO-да тартылған қаржыны Қытайдан сырт елдерде өз технологиясын дамыту  мен бизнесін кеңейтуге бағыттайды.

Didi – әлемдегі ең ірі платформа, 15 елде жұмыс істейді, олардың қатарында Қытай, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Ресей, Қазақстан және басқа мемлекеттер бар. 493 млннан астам белсенді пайдаланушысы бар. Компания 2012 жылы құрылған. Сервистік инвесторлары:   жапондық Softbank Group (21,5%), американдық Uber Technologies (12,8%),  және қытайлық Tencent (6,8%).
 

Сондай-ақ оқыңыз