Алматы қаласында фестивальдерге, форумдарға және өзге де имидждік жобаларға арналған бюджет қаржысы қысқартылады. Бұл туралы жергілікті бюджетті нақтылауға арналған қалалық мәслихат сессиясында қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков айтты.
«Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша фестивальдар, форумдар мен түрлі имидждік іс-шараларды өткізуге шығындар қысқартылды», – деді Сухамбеков.
Қаланың 98 млрд теңге сомасына жергілікті бюджетін нақтылау өткен жылдан бергі бос қалдықтарды пайдалану және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында бюджет қаражатын ішкі қайта бөлу есебінен жүргізілетін болған.
«Әлеуметтік салаға 2024 жылғы бюджет шығыстарының 31% бағытталуда-бұл 30,4 млрд теңге. Білім беру саласына 20,8 млрд теңге қарастырылған, ол 13 мектепке...