«Өнеркәсіпті дамыту қоры» жарғылық капиталы қордың директорлар кеңесінің шешімімен 12,4 млрд теңгеге ұлғайтылады. Осылайша оның жарғылық капиталы 301,8 млрд теңгені құрайды.
Тиісті шешімді АҚ директорлар кеңесі 10 сәуірде қабылдаған. Бұл туралы Қазақстан қор бирдасында жарияланған құжатта жазылған.
«Директорлар кеңесі әрқайсысының құны 2 миллион теңге болатын немесе жалпы сомасы 12,4 миллиард теңге болатын 6,2 мың жай акцияны орналастыру туралы шешім қабылдады. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» басқармасына директорлар кеңесі қабылдаған шешімді орындау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды», – деп көрсетілген құжатта.
Оның аясында Қазақстанның Даму Банкі атынан қордың жалғыз акционері бірінші бас тарту құқығымен акциялар пакетін түгел сатып алуға тиіс.