Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған Айкөркем Меделханның өліміне кінәлі деген айыппен әскери қызметкер 7 жылға сотталды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Апелляциялық сот әскери қызметшіге қатысты істі қарады. Бұған дейін сот әскери қызметшінің іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оны ақтаған.
Қылмыстық іс жабық сот отырысында «құпия» белгісімен қаралған. Апелляциялық сот алқасы жәбірленуші тараптың шағымдары мен прокурордың наразылығы негізінде істі қайта қарады.
Сот алқасы 2022 жылдың 7 қаңтары сағат 19:30 шамасында, сотталушы Ж.-ның блок бекетінде өзінің қарамағындағы әскери қызметшілерге блок бекетіне жақындап келе жатқан автокөлікке оқ ату туралы заңсыз бұйрық бергені анықталды. Салдарынан 2017 жылы туған Айкөркем...