Германиялық Flight Design компаниясы Қазақстанда CT сериялы аса жеңіл ұшақтар шығаруды жоспарлап отырғандарын хабарлады. Бұл жайында Фридрихсхафен қаласында өткен «Flight Design GmbH» және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның бірлескен баспасөз конференциясында мәлім болды. Шара «AERO Friedrichshafen» жалпы мақсаттағы авиацияның 30-шы көрмесінің алаңында ұйымдастырылды.
Flight Design бас директоры Даниэль Гюнтердің айтуынша, ұшақтар шығару жобасы Алматы қаласының арнаулы экономикалық аумағында жүзеге асады. Қазақстандағы «Вираж» компаниялар тобымен бірге неміс компаниясы «Flight Design Kazakhstan» бірлескен кәсіпорнын құрады. Ұшақтар жергілікті және шетелдік нарықтарда сатылмақ.
Flight Design – 25 жылдан астам тәжірибесі бар, ультра жеңіл ұшақтар өндірісінің көшбасшысы. Компанияның экспортқа бағдарланған өнімдері уәкілетті дилерлердің халықаралық желісі шеңберінде сатылады. Бүгінгі таңда компанияның ұшақтары...