Су тасқыны салдарынан елдімекендерде ұялы байланыс қызметі нашарлады. Электр қуатының өшуіне байланысты кейбір базалық станциялар жұмыс істемей тұр. Мәселен, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Ақмола облыстарында ұялы байланыс инфрақұрылымдары су астында қалған. Қай өңірде байланыс қалпына келді? Операторлар халыққа қандай көмек көрсетті?
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректеріне сүйенсек, ұялы байланыс операторлары су тасқыны аймағында орналасқан абоненттердің тарифтік жоспарларына қосымша ресурстар қосты.
Су басқан аймақтарда қандай жұмыстар атқарылуда?
Beeline жұмыс істемейтін жабдықты ауыстыру, базалық станциялардың жұмысын реттеу үшін шалғай ауылдарға су арқылы жету, электр энергиясы жоқ аумақтарда дизельдік генераторлардың жұмысын ұйымдастыру, жабдықтарды судан қорғау үшін бөгеттер салу сынды жұмыстарды...