«Аэрофлот» Алматыға тұрақты рейстерді қалпына келтіреді

Жарияланды
Күнделікті рейстер 14 қаңтарда басталады

«Аэрофлот» 14 қаңтардан бастап Мәскеу-Алматы-Мәскеу бағытындағы күнделікті тұрақты рейстерді қалпына келтіреді, деп хабарлайды әуе компаниясының сайты.

Ұшу кестесі: SU1946 рейсі Мәскеуден (Шереметьево) сағат 02:35-те ұшады, Алматыға 10:30-да келеді, SU1947 рейсі Алматы әуежайынан сағат 12:00-де ұшып шығады, Мәскеуге (Шереметьево) жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де келеді.

Әзірге Алматыға рейстер түзетілген кесте бойынша орындалады.

Еске салайық, 10 қаңтарда «Аэрофлот» Нұр-Сұлтанға тұрақты рейстерді қалпына келтірді. 15 қаңтардан бастап Ақтөбеге әуе рейстерін қалпына келтіру жоспарлануда. 16 қаңтардан бастап Қостанайға әуе рейсі ашылды, 17 қаңтардан бастап Қарағандыға рейстер қайта жанданды.

Аэрофлоттың Қазақстанға барлық жолаушылар рейсін тоқтатқаны Алматыдағы тәртіпсіздік пен әуежайды басып алғаннан кейін белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз