Аэрофлоттың алты ұшқышы вакцинациядан бас тартқаны үшін жұмыстан шеттетілді

Жарияланды
Компанияда 2 мыңнан астам ұшқыш жұмыс істейді

«Аэрофлоттың» алты ұшқышы вакцинациядан бас тартқаны үшін жұмыстан шеттетілді және еңбек демалысына жіберілді, деп хабарлайды РБК авиакомпания өкілі Михаил Деминге сілтеме жасап.

Аэрофлотта 2300 ұшқыш жұмыс істейді.

Ұшқыштардың жұмыстан шеттетілгені туралы дүйсенбіде Шереметьево ұшу қызметкерлерінің кәсіподағы хабарлады. Авиакомпанияда COVID-19 алдын алу туралы ақпараттық жұмыс жүргізілгеннен кейін, қызметкерлердің 84% -ы вакцинацияланды.

Вакцинацияланбаған ұшқыштарға қатысты «жұмыс берушіге мұндай шараларды қабылдауға ешкім міндеттемегенімен», жалақысы жоқ жұмысты тоқтату туралы бұйрық шығарылады. Ал басқа Аэрофлот бөлімшелерінің вакцинацияланбаған қызметкерлері жұмысын жалғастыруда.

Бұл ретте вакцинацияланбаған стюардессалар, техникалық бөлім мамандары да жұмыстан шығарылмайды.
 

Сондай-ақ оқыңыз