BI Group Алматы жайлы қалалық орта басқармасының қандай тендерін ұтып, қанша келісім жасаған?

Жарияланды (жаңартылды )
Жылжымайтын мүлік бөлімінің редакторы
Басқарма модульдік ауруханалар құрылысына қанша қаржы бөлген?

18 қаңтар, дүйсенді күні Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы құрылысына бөлінген қаржыны жымқыруға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін бастағаны жайлық ақпарат тарады. Бұл госпитальге  ақшаны Алматының жайлы қалалық орта басқармасы бөлген, құрылысын BI Group холдингінің  құрамындағы компаниялардың бірі салды. 

Осы орайда «Курсив» Алматы жайлы қалалық орта басқармасының 2020 жылы мердігерлермен жасасқан келісім-шарттарын зерттеп, осы тендерлердің қаншасы BI Group-тың еншісіне тигенін анықтап көрді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша, Алматы жайлы қалалық орта басқармасы мемлекеттік сатып алуға ең көп қаржы жұмсаған мемлекеттік органдар арасында көш бастап тұр. Былтыр бұл басқарма жалпы сомасы 230,8 млрд теңгеге 652 шарт жасаған. Мемлекеттік тапсырыс берушілер тізімінде екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс басқармасы тұр. Елордалық басқарма көшбасшыдан 48 млрд теңгеге «артта қалған». Мемлекеттік сатып алу сайтының деректері осылай дейді. 

Аталмыш басқармамен келісімшарт жасаған ең ірі   компаниялар  – BI Group, Qazaq Stroy, Sheberbuild және Bazis-A құрылыс компаниясы.

BI Group үлесі

BI Group холдингі басқармамен өз құрамындағы үш компания арқылы жалпы сомасы 50 млрд теңге болатын 9 келісімшартқа қол ғойған. Мемлекеттік құрылыммен BI Group-тың еншілес компаниялары тікелей келісімшарт жасасқан: «KAZPACO» ЖШС (құрылтайшылары  – «BI Group-Engineering» ЖШС және Руслан Мерғалимов), «BI-Industrial» ЖШС  (компания директоры инфекциялық аурухана құрылысы кезінде қаржы жымқыру бойынша ұсталғаны жайлы ақпарат тараған, алайда бұл ақпарат кейін теріске шығарылды) және «BI Urban Construction» ЖШС.

Солардың  арсында ең қымбат келісімшарт – Алматы қаласының Наурызбай ауданында 300 төсек-орынға арналған тез тұрғызылатын модульдік аурухана салу жөніндегі келісім. Мердігер –  KAZPACO компаниясы, келісімшарт сомасы – 13,4 млрд теңге. Мердігер  былтыр қазан айының басында Қалқаман шағын ауданындағы «Апорт» СОО жанында салынған жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын аяқтады.

Қалған келісім-шарттардың сомасы әрқалай: 3,8 миллиард теңгеден бастап, 6 миллиард теңгеге дейін. 

Дәл осы KAZPACO компаниясы 2022 жыл қазан айының соңына дейін Алматының «Қалқаман-2», «Нұркент», «Қайрат», «Мәдениет» және «Дархан» шағын аудандарында 5 мектеп салуы тиіс.  Мектептің әрқайсысы 1500 орынға  шақталған және құны 5-6 млрд теңге.

Алматыдағы тағы бір модульдік аурухананың құрылысы үшін «BI-Industrial» ЖШС-мен 5,5 млрд теңгеге келісімшарт жасалған. Бұл аурухана Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан. Мердігер нысанды 2020 жылдың сәуірінде тапсырды.

Ал «BI Urban Construction» ЖШС Алматы бюджетінен бөлінген  ақшаға Түркістанда медиаорталық салды. Түркістанға Алматы қаласының атынан  сый болған бұл нысан ресми түрде 2019 жылдың соңында ашылды.

Алайда мемлекеттік сатып алулар реестрінің мәліметі бойынша, 2019 жылы мердігермен медиаорталық құрылысының бірінші кезеңі үшін  1,2 млрд теңге сомасына ғана келісімшарт жасалған. 2020 жылы электронды тізілімде тағы бір мемлекеттік келісім-шарт пайда пайда болды: онда  3,8 млрд теңгеге 2020 жылдың 30 қазанынан дейін медиорталықтың екінші кезеңін салып бітіру жайы жазылған. 

«Qazaq Stroy» құрылыс компаниясы жалпы сомасы 49,9 млрд теңге болатын 11 мемлекеттік келісімшарт негізінде Алматының Наурызбай ауданында тұтас шағын аудан салып жатыр. «Жайлы қалалық орта басқармасының» 2020-2022 жылға арналған бюджеті бойынша,  бұл – 6-9 қабатты ондаған үйден тұратын «Alma City» ТК үшінші және бесінші кезегі (шағын аудан). Құрылыс 2021 жылдың маусым айында аяқталуы тиіс.

Sheberbuild құрылыс компаниясы 2020 жылы  аталмыш басқармамен жалпы сомасы 12,7 млрд теңгеге 10 келісімшарт жасасқан. Құрылыс  компаниясы  Алматының 6 мектебіне жапсаржай салады. Әрбір қосымша құрылыс құны жұмыс көлеміне байланысты 0,8-1,5 млрд теңге аралығында. Бұдан бөлек, Sheberbuild «Жас Қанат» шағын ауданында (Түрксіб ауданы) төрт 9 қабатты тұрғын үй салуы тиіс.

«Bazis Construction» ЖШС  былтыр жайлы қалалық орта басқармасымен жалпы сомасы 6,3 млрд теңгеге 2 келісімшарт жасасты. Осы ақшаға холдинг 2021 жылдың мамыр айының соңына дейін, «Qazaq Stroy» ЖШС сынды, Наурызбай ауданында көппәтерлі тұрғын үй салуға міндеттеме алған.

Криматорийден КНБ-ге дейін

Алматы жайлы қалалық орта басқармасы жұмысының ауқымы аталмыш нысандармен шектелмейді. Басқарманың 2020-2022 жылдары арқаратын міндеттеріне: денсаулық сақтау объектілерін, балабақша мен мектеп салу, әкімшілік ғимараты мен Алматы хайуанаттар паркін қайта жаңарту (қар барысы, аю мен қасқыр үшін экспозиция алу), Рысқұлов-Момышұлы жақта теннис орталығын және «Алатау», «Жас Қанат», «Айнабұлақ-2», «Кемел», «Құлагер» шағын аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарын салу, арық желісі, өзен арналарын, су қорғау белдеулерін реконструкциялау, саябақ ен гүлзарлары жасыл желектердіру кіреді. 

Сонымен қатар «Ақжар» шағын ауданында өрт сөндіру депосы, зираты бар крематорий, сот пен ҰҚК департаменті ғимаратын салдыру да басқармаға жүктелген.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 18 қаңтарында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Алматы жайлы қалалық орта басқармасының бастығы Сапар Нұрашевтың ұсталғаны жайлы ақпарат таратқан болатын.

Тексерілмеген дереккөздерге сілтеме жасай отырып, шенеунік Алматыда модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын салу кезінде қаржы (3,9 млрд теңге) жымқырды деген күдікке ілігені хабарланған. Сондай-ақ, бұл іс бойынша «BI-Industrial» ЖШС директоры (BI Group компаниялары Қазақстан бойынша 12 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын салған) күдіктілер қатарында  екені айтылды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрашев пен BI-Industrial директорының ұсталғанын растамады. Ал BI Group холдингі өз қызметкерінің ұсталғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

Сонымен қатар, Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын салу кезінде  қаржы жымқыру туралы іс ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша 2021 жылдың 16 қаңтарында тіркелгенін хабарлады.
 

Сондай-ақ оқыңыз