Nokia 6,6 миллиардтық келісім-шарт үшін Samsung-пен күресте жеңіліп қалды

Жарияланды
Фин компаниясының акциялары төмендеді

Телекоммуникация жабдықтарын өндіруші Nokia компаниясы тиімді келісімшарт үшін бәсекеде Samsung Electronics-тен ұтылды. Бұл туралы Reuters ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Samsung Electronics американдық байланыс операторы Verizon-дің 5G желілеріне арналған жабдықты жеткізуге 6,64 миллиард долларлық келісімшартты жеңіп алды, осылайша, қытайлық Huawei өндірушісі 5G нарығына кіре алмағаннан кейін оңтүстік кореялық компания финдік Nokia мен шведтік Ericsson үстемдік ететін нарықтағы позициясын нығайтты. 

Nokia компаниясының өкілі келісімшарттағы жеңіліс туралы түсініктеме бермеді, бірақ компания Verizon-дің 3G және 4G желілерінің жұмысында маңызды рөл ойнайтынын және американдық оператор Nokia-ның үш ірі әлемдік клиенттерінің қатарында қалатынын айтты.

Жаңалықтар аясында фин компаниясының акциялары Нұр-Сұлтан уақытымен 20: 00-ге дейін 1,5% төмендеді.
 

Сондай-ақ оқыңыз