FinTech компаниялар пандемия дағдарысын қалай еңсеріп жатыр?

Жарияланды
IDF Eurasia — Қазақстан мен Ресей нарығындағы цифрлық несиелеу саласының көшбасшысы

COVID-19 пандемиясы әлем экономикасының көптеген салаларына әсер етті, одан қаржы секторы да шет қалған жоқ. Керісінше, бұл секторға қор нарығындағы турбуленттік, бизнес пен халықтың төлем қабілетінің төмендеуі сынды соққыларға төтеп беруіне тура келді. IDF Eurasia халықаралық қаржы-технология компаниясының  (Solva және Moneyman брендтері) негізін қалаушылардың бірі Борис Батин бизнестің пандемияны әр елде қалай өткергені жайлы айтып берді. 

 – Statista мен Financial Times-тың жыл сайынғы рейтингі бойынша  ID Finance (IDF Eurasia-ның негізгі құрылымы)  Еуропадағы жылдам дамып келе жатқан қаржы-технология компаниясының бірі саналады, ал Испания нарығыда үш жыл қатарынан алғашқы орынды бермей келеді. Былтыр осы көрсеткіш бойынша компания екінші орында тұрды. Осы ретте компанияның Испаниядағы пандемияны қалай өткергенін айтып өтіңізші.

– Испанияда Қазақстанға қарағанда пандемияның таралу ауқымы кең болды. COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны әлдеқайда көп. Еуропа Одағы елдерінің арасында коронавирустан қатты зардап шеккен мемлекет ретінде танылды. Дегенмен ел билігі бұл сынаққа қарсы шараларды бірден қолға алып, бизнес пен тұтынушыларды қолдауға кірісті. Сондықтан да болар, оның алып бара жатқан апатты салдарын байқамадық. Қаржы ұйымдарының бірқатар клиенттері төлем мерзімін кейінге шегере тұруды сұрады, алайда мемлекет өз тұрғындарына қомақты қаржылай көмек беруінің есебінен, несие нарығы қатты тұралаған жоқ. Бұл ретте біздің несие қоржынымыздың құрылымы жақсы екенін айта аламын, өйткені біз scoring-үлгінің арқасында нақты қалыптасқан жағдайға тез бейімделе алдық. 

– IDF Eurasia Ресей мен Қазақстан нарығында да жұмыс істеп жатыр. Осы ретте пандемияға байланысты енгізілген карантиннің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай? Испания тәжірибесі Ресей мен Қазақстан нарығында қолданылды ма?

– Бұл – әртүрлі нарық. Мәселен, Ресейде бизнеске қатысты жағдай дәл испан сценарийі бойынша дамып жатыр. Ал Қазақстанда жағдай басқа: инфекция жұқтырғандардың саны өзге елдерге қарағанда әлдеқайда аз болғанымен, мемлекеттің реакциясы, басқалармен салыстырғанда, өте мықты болды. Елде бірден қатаң карантин енгізіліп, төтенше жағдай жарияланып, автокөлік қозғалысына шектеу қойылды. Одан бөлек, Қазақстанда несие каникулы мәселесі жан-жақтан көтеріліп, қолдау тауып жатты. Менің ойымша, бұл шаралар коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейімен тең емес. Нәтижесінде COVID-19-дың бизнеске тигізген кері әсері испан және орыс үлгісінен де асып кетті. Айталық, осы екі елде несие, қарызға деген жалпы сұраныс 10-15 пайызға төмендесе, Қазақстанда бірден 30-40 пайызға құлдырады. 

– Сарапшылардың бағалауы бойынша, банк секторында несие сатылымы тіпті 90 пайызға дейін төмендеп кеткен. 

–Біз – қаржы-тех компаниясымыз, несиені қашықтан-ақ рәсімдей береміз. Сондықтан карантин шараларының бізге тигізетін әсері банктерге қарағанда төмендеу. Одан бөлек, біздің жұмыс бір сәтке де тоқтаған жоқ. Бұл өз кезегінде клиенттердің қызығушылығы мен пейілін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Негізінде көп дүние әр мемлекеттің үкіметі ел экономикасын қалай қайта жандандыратынына байланысты. Барлығы бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасын қолға алған, бірақ бұл жерде бөлінген қаржы банктерде жатып қалмай, нәтижелі жұмыс істегені маңызды.

–COVID-19 дүние жүзі қаржы секторының жоспарын қатты өзгертті. Дәстүрлі банк қызметінің өкілдері  жаңа нарық немесе ниша жаулау емес, өз көрсеткішін қалпына келтірумен бас қатырып жатыр. Ал IDF Eurasia-ға пандемия қалай әсер етті?

– Әр жыл сайын нақты жұмыс жоспарын құрамыз. Экономикадағы тыныштық кезеңді жаңа өнім дайындау мен іске қосу үшін пайдаландық. Осы орайда біз 2020 жылдың екінші жартысында орта және шағын бизнесті несиелеуге бөлінетін инвестиция көлемін біршама арттыруды жоспарлап отырмыз. Клиенттерге факторинг, кепілге несие беру сынды бірнеше өнім ұсынбақпыз. Біріншіден, клиентердің жаңа өнімдерге деген сұранысы артты, екіншіден, IDF Eurasia командасы өз тиімділігін дәлелдеді. 

–Бүкіл әлемдік пандемияның қиын кезеңінен шығу үшін b2b сегментінде жұмыс істейтін онлайн-қызмет пен бизнестің бас біріктіретін сәті келді. Осы бағытта қандай қадамға барасыздар?

– Біз Қытайдағы пандемияны жіті бақыладық.  Сондықтан жағдай қалай қалыптасатыны жөнінде бірнеше сценарий дайындалған. Оған қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру талабы қосылған еді. Қашықтан жұмыс істеуді жыл басынан-ақ сынақтан өкізе бастадық. Біріншіден, барлық елде жылдамдығы жоғары интернет бар-жоғына көз жеткіздік. Мәселен, Мексикада желіге жылдам қосылу тұрғысынан қиындық туындады. Екінші мәселе– қауіпсіздік. Біз жеке деректермен жұмыс істейміз, сондықтан қауіпсіздіктің жоғары стандартын ұстанамыз. Осы мәселелерді реттеген соң, компания жаңа форматты сынақтан өткізуге көшті: бір апта бойы үйден жұмыс істейтін қызметкерлер тобы құрылып, осы аптада атқарылған жұмыс көлемі мен сапасын салыстырдық. Кеңсе мен үй арасындағы айырмашылықты қысқартатын арнайы «жаттығулар» жасаттық. Сондықтан компания қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшкен кезде, еңбек өнімділігі төмендемеді. 
Тағы бір маңызды мәселе – тәуекелге деген көзқарасты өзгерттік. Біздің тәуекел-менеджмент қатаңдап,  мақұлданған несие деңгейі төмендеді. Есесіне мерзімі өткен қарыз саны артқан жоқ. 

Біздің бизнесті қор нарығындағы жағдай да жанап өтті. Мұнай бағасы дамушы мемлекеттер ұлттық валютасының құнына әсер еткені белгілі. Дегенмен бұл біздің тәжірибеміздегі алғашқы девальвация емес, сондықтан командамыздың дайындалып (валюталық тәуекелдер алдын-ала хеджерленді), валюта бойынша шығынды деривативтерден кірген кіріс жауап кетті. 

– Көптеген цифрлық платформалар мен сервистер пандемия кезінде, тіпті 2020 жылдың соңына дейін өздерінің негізгі тарифтерін тегін қылды. Сіздер бұндай акцияларды қолдайсыздар ма?

– Компания тобы  өзі қызмет көрсететін бүкіл елде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саясатын ұстанады. Біз пандемия салдарынан оқшауланған адамдарға, мұқтаждарға көмектесеміз, медицина мекемелеріне, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз. Бұндай жағдайда кез келген бизнес адамдарға көмектесуге, әлеуметтік белсенділік танытуға міндетті.

Бізде адамдардың қаржылық жағдайын қолдайтын өнім бар. Тұрақты клиенттерге артық төлемсіз несие ұсынамыз. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер үшін 13 мамырдан бастап өңірлерде тәжірибелі бизнес-тренер жүргізетін қаржылық сауат жөніндегі жоба іске қосылды. Жобаның мақсаты –жеке кәсіпкерлерге карантин салдарын еңсеруге көмектесу. Бұл – өз бизнесі мен ассортиментін талдау сынды өзекті тақырыптарға арналған вебинарлар сериясы. Вебинарлар  бүгінде Павлодар, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында өтті.
 

 

*серіктес материал 

Сондай-ақ оқыңыз