“Азия Авто” қайта жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі бар

Жарияланды
Тек талаптарды орындауы тиіс

Бүгінгі брифингте  ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі  Бейбіт Атамқұлов журналистердің ҚР ИИДМ-мен арадағы келісімнің бұзылуына байланысты Өскемендегі зауыттың жабылуы мүмкін екені туралы мәлімдемеге қатысты сұрағына жауап берді- деп хабарлайды primeminister.kz телеграм арнасы 

2010 жылғы маусымда «Азия Авто» АҚ-мен 2017 жылғы 1 маусымнан бастап шанағын балқытып біріктіру және бояу бойынша технологиялық операцияларды ұйымдастыру міндеттемесімен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылды. Бірақ аталған міндеттеме орындалған жоқ.   

2012 жылғы желтоқсанда «Азия Авто Қазақстан» АҚ-мен 2019 жылғы 1 желтоқсаннан бастап осындай міндеттемесімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылды. Бірақ ол міндеттеме де орындалмады. Өндірушілердің міндеттемелеріне сәйкес компаниялар 7 жыл ішінде шанақты балқытып біріктіру және бояу бойынша технологиялық жабдықтарды пайдалануға беруі тиіс еді.  

Сонымен қатар, 2012 жылдың желтоқсанында «Азия Авто Қазақстан» АҚ-мен 2019 жылдың 1 желтоқсанынан бастап осындай міндеттемелермен келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, компания шанақты дәнекерлеу және сырлау бойынша технологиялық жабдықты пайдалануға беруі тиіс жеті жылдық міндеттеме болды.

«Азия Авто» АҚ кәсіпорнының өз міндеттемелерін орындауға дайын еместігін ескере отырып, міндеттемелер мерзімін ұзарту мақсатында 2017 жылдың басында «Азия Авто» АҚ мен «Азия Авто Қазақстан» АҚ моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімге қол қою туралы Министрлікке өтініш білдірді, Орындау мерзімі – 2019 жылғы 1 желтоқсан», — деді министр.

Осылайша, министрлік бірнеше рет аталған кәсіпорындарға түсіністік танытты. Осы жылдың 1 сәуірінде «Азия Авто» АҚ және «Азия Авто Қазақстан» АҚ есеп бергеннен кейін олардың шанақты дәнекерлеу және бояу тұрғысынан міндеттемелерін орындамағаны белгілі болды. 11 сәуірде Министрлік «Азия Авто» АҚ және «Азия Авто Қазақстан» АҚ-ға бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберді.

«Бұзушылықтарды бір ай мерзімде орындамау келісімді бұзуға және преференциялар беруді тоқтатуға негіз болады. Осы келісім бойынша өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім талаптарын орындаудан өзге мәселені шешудің жолы жоқ», — деді Б. Атамқұлов. 

Сонымен қатар, кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде хабарланғандай, өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді бұзу кәсіпорын қызметін тоқтатуға әкеп соқпайды.

«Азия Авто» АҚ және «Азия Авто Қазақстан» АҚ компаниясы көлік құралдарын өндіруді және зауыт құрылысын жалғастыра беруге құқылы, бірақ олар преференциялар алмайды. Сонымен қатар, Министрлік кәсіпорындар міндеттемелерін орындағаннан кейін қайтадан келісім жасауға және преференциялар беру мүмкіндігін қайта қарауға дайын», — деді ведомство басшысы.  

Дағдарыс кезеңінде автомобиль өнеркәсібі тұрақты өсімін көрсетті, 4 айда 173,4 млрд теңге сомасына 23 703 автокөлік құралы өндірілді.

Мемлекет өнеркәсіп құрастыру туралы келісімдердің негізінде қосымша құны салығынан (ҚҚС) (12%) және кедендік төлемдерден (5%) босатады. Сондай-ақ ынталандыру түрінде төленген кәдеге жарату алымын өтейді.

«Бүгінде Үкімет қабылдаған шаралар шеңберінде жеңілдетілген кредит беру мен техниканың қаржылық лизингіне сомасы ұлғайтылды, ұлттық режимнен алып қою енгізілді. Мен бұл сала қазір мемлекеттік қолдаудың ең жақсы мүмкіндіктері мен құралдарын алып отыр деп санаймын», — деп түйіндеді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.  
 

Сондай-ақ оқыңыз