Өзбекстан араб компаниясынан 1,2 миллиард долларлық электр энергиясын сатып алмақ

Жарияланды
25 жыл бойы пайдаланбақ

Өзбекстан 25 жыл ішінде ACWA Power компаниясынан (Сауд Арабиясы) 1,2 миллиард долларлық электр энергиясын сатып алуды жоспарлап отыр, -деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның  хабарлауынша, энергетика министрлігі араб компаниясымен жалпы құны 2 млрд доллар тұратын үш келісімшартқа қол қойды. Бұл  құжаттар бойынша  қуаттылығы 1500 МВт газтурбиналық электр станциясы мен 500-1000 МВт болатын жел электр станциясын салу келісім жасалған.

Бұл жылу электр станциясы Сырдария облысындағы Ширин қаласында орналасады. «Өзбекстанның ұлттық электр желілері» АҚ бөлімшесі электр энергиясын негізгі  сатып алушы ретінде белгілі.
 

Сондай-ақ оқыңыз