Lufthansa 23 мың рейсті тоқтатты

Жарияланды
Алдағы аптада рейстер кейінге шегерілуі мүмкін

Lufthansa коронавирусқа байланысты 29 наурыздан 24 сәуірге дейін 23 мың рейсті тоқтатты. Бұл туралы компаниялар тобының баспасөз қызметінде айтылды,- деп хабарлайды «Интерфакс».

Жалпы алғанда, Еуропа, Азия және Таяу Шығыстағы рейстер тоқтатылады. Жолаушыларға рейсті онлайн режимін тексеріп шығуға кеңес береді.

Lufthansa компаниялар тобына Eurowings, Germanwings, SWISS, Edelweiss Air, Austrian Airlines, Brussels Airlines жолаушылар авиакомпаниялары кіреді.

 

Сондай-ақ оқыңыз