Кәсіпкерлерге форс-мажор туралы анықтама жеңілдетілген түрде беріледі

Жарияланды
Бұл салаға да коронавирус әсер етті

 «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір Қазақстандық кәсіпкерлерге Сыртқы сауда палатасынан форс-мажор жағдайы туралы анықтаманы алуға болатындығын мәлімдеді.

«Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың  төтенше жағдай енгізу туралы жарлығында бизнестің жекелеген түрлеріне қызметін тоқтата тұруы керек немесе шектеуі қажет деп көрсетілген. Сондай-ақ  жарлыққа сәйкес, бұл бизнестің өз қызметін жүзеге асыруға құқы жоқ. Әрі қарай не істеу керек? Форс-мажор жағдайлары туралы куәлік алу үшін кәсіпкерлер Сыртқы сауда палатасына жүгіне алады. Ол үшін біз құжаттарды зерттеудің жеңілдетілген режиміне ауыстық», – деді Шыңғыс Темір онлайн-брифингте.

«Құжаттардың көшірмесін onlain@atameken.kz мекенжайына онлайн жіберуге болады. Сұрақтар бойынша 1432 байланыс орталығына хабарласуға болады. Сонымен бірге, анықтама беруді 15 күннен 5 күнге дейін жеделдетіп, төтенше жағдай кезінде тегін беруді ұйғардық», – деді ол.
 

Сондай-ақ оқыңыз