1 view

Қазгидрометті алғаш мәрте әйел басқарады

Жаңа қызметке Данара Әлімбаева жайғасты

Фото: «Казгидромет»

1922 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Гидрометеорологиялық қызметінің тарихында алғаш рет әйел басшы болып тағайындалды,- деп хабарлайды Қазгидромет баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) құрамына кіретін 192 елдің ішінде Данара  Әлімбаева осындай ұйымды басқаратын нәзік жандардың бірі. 


Данара Қизатқызы Әлімбаева 1977 жылы 8 тамызда дүниеге келген, «метеорология» және «қаржы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі, сондай-ақ «қолданбалы экология» бағыты бойынша магистр дәрежесі бар. 


Еңбек жолын 2002 жылы «Қазгидромет» РМК-да техник-метеоролог лауазымынан бастады. 
2003-2009 жж. инженер-метеоролог, 1 санатты инженер-метеоролог, жетекші инженер метеоролог, Метеорология басқармасының басшысы болды. 
2011-2015 жж. Метеорология департаментінің директоры.
 2015-2017 жж. Экологиялық мониторинг департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарды.
2017 жылғы 18 қыркүйектен бастап «Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары болған.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер