1 view

Тағы бір қазақстандық әуе компаниясы Қытай бағытындағы рейстерін қысқартты

Бұл коронавирус инфекциясына байланысты

Фото: Shutterstock

«Эйр Астана» ақпан айында Үрімші мен Бейжіңге ұшатын кейбір рейстерін қысқартады, деп хабарлайды компанияның корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаменті.

«Қытайда коронавирустың таралуы салдарынан, коммерциялық жүктеменің  төмендеуіне байланысты, «Эйр Астана» 6-, 11- және 18-ақпанда Нұр-Сұлтаннан Үрімшіге жоспарланған рейсін  және 8-, 16- және 24-ақпанда Алматыдан жоспарланған рейс, сонымен қатар, Нұр-Сұлтаннан 22-ақпанда Бейжіңге жоспарланған рейсін, ал Алматыдан 19- және 26-ақпанда жоспарланған рейсін орындамайды», – делінген хабарламада. 

Осы рейстердің жолаушыларына әуе компаниясы рейс бағытын өзгертіп, билетті қайта броньдап немесе айыппұлсыз қайтарып береді. Ол үшін тәулік бойы істейтін броньдау және ақпарат орталығына 244 4477 (Алматыда) және 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларында) телефондары арқылы немесе билетті сатып алу орнына хабарласу керек.

Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуе компаниясы Нұр-Сұлтаннан Үрімші мен Бейжіңге аптасына 3 рейс, Алматыдан Үрімшіге  – 4, Бейжіңге  - аптасына 5 рейс орындайды. 

Бұған дейін «Скат» әуе компаниясы Қытайдың Хайнань курорттық аймағындағы ең ірі қалалар – Санью и Хайкоуға баратын рейстерін қысқартқанын хабарлаған еді. 


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер