Джефф Безос 15 минутта $13 млрд табыс тапты

Жарияланды
Компания акциялары күрт қымбаттаған

Amazon  компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос  байлығын 15 минутта 13,2 млрд  долларға арттырды. Компанияның постмаркеттегі акциялары 30-қаңтарда 12%-ға қымбаттап,  құны $2,1 мыңға дейін жетті, деп хабарлайды РБК агенттігі. 
 

Bloomberg келтірген деректерге сүйенсек, мұндай өсім – компанияның тоқсандық табысты есебінің нәтижесі. Нақты айтсақ, Amazon бір тоқсанда $87,4 млрд табыс тауып, әр акциясы $6,47 кіріс кіргізген (сарапшылар 4,11 доллар болады деп  болжаған).

Осылайша, Amazon компаниясының 12 пайыз акциясын иеленетін Безостың байлығы 129,5 млрд долларға дейін өсті. Billionaires Index рейтингінде бұл өсім әлі көрсетілмеген, өйткені индекс сауда-саттық жабылғаннан кейін жаңарады.Forbes Безостың  байлығын $116 млрд бағалайды. 

Дәл осындай жағдайды Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маск та басынан өткерген еді. Авто өндіруші көрсеткіштері сарапшылардың болжамынан асып түскен тоқсандық есебін жариялаған соң, компания акциялары бірден қымбаттап кеткен еді. Ал Макс бір  сағаттың ішінде 2,3 млрд долларға байып, бүкіл байлығы 36 млрд долларға жеткен. 

Сондай-ақ оқыңыз