«Самұрық-Қазына» сыртқы қарыздың $650 млнға төмендеуін күтіп отыр

Жарияланды
Өткен жылдың қорытындысы бойынша қысқару $4 млрдты құраған-ды

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы 2019 жылдың қорытындылары бойынша компаниялар тобы сыртқы қарызының $650 млнға төмендеуін күтіп отыр. Бұл турасында Әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті хабарлады. 

Атап айтқанда, АО «ҚТЖ» ҰК» АҚ $780 млн сомасындағы еурооблигацияларды мерзімінен бұрын жапты, бұл ҚТЖ мінденттемелері берешек портфеліндегі жалпы мөлшердің тұрақты валютадағы үлесін 57%-дан 36%-ға дейін азайтуға мүмкіндік берді.   

Сонымен қатар, қор нарықтық шарттармен топ ішіндегі қаржыландыруды дамытуды жалғастыруда. 2019 қорытындылары бойынша еншілес ұйымдарды несиелендіру 185 млрд теңгеден астам соманы құрады, бұл инвестициялық жобаларды дер кезінде жүзеге асыруға жол беріп, қор тобының топтастырылған берешегін арттырған жоқ. 

2019 жылғы 10 айда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобы жоғарыда көрсетілген сомаларға қосымша мұнайды аванстау жөніндегі міндеттемелерін $2,6 млрд сомасына төмендетті. 

«Қазатомөндіріс» ҰАК» АҚ 2019 жылғы қыркүйекте акцияларды орналастыруды жүзеге асыруды аяқтады, сөйтіп, қор $128,2 млн (50 млрд теңге) тартты. Акцияларды сатудан түскен барлық қаржы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына құйылды.

Бұдан тыс, 2019 жылғы желтоқсанда қор «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ акцияларының 50% сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады, соның шеңберінде компания міндеттемелерін қайта құрылымдауға қол жеткізілді. Бұл сатып алу Қордың 3-энергоблокты салу бөлігіндегі «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ инвестициялық бағдарласын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге салсақ, 2018 жылдың қорытындылары бойынша қор тобы компанияларының сыртқы қарызы $4 млрдқа қысқарған болатын. 

 

Сондай-ақ оқыңыз