2020 жылы астанадағы аффинаж зауыты алтын шығаруды арттырады

Өндіріс көлемі 30 тоннаға дейін жеткізілмек

Фото: Shutterstock

2020 жылы елордадағы аффинаж зауытында 30 тонна алтын өндіру жоспарланып отыр, деп хабарлады «Тау-Кен Алтын» ЖШС («Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ жүзпайыздық еншілесі) дирекоры Рүстем Мақұлбеков.

«Жылдың аяғына дейін 27 тонна шығаруды жоспарлап отырмыз, ал келесі жылы 30 тоннаға дейін (алтын өндіруді) көтеруді белгілеп отырмыз», - деді ол 28-қарашада баспасөз мәслихатында.

Жұмыс істеген алты жыл ішінде зауыт 92 тоннадан астам алтынды аффинаждан өткізген, оның 11,52 тоннасы – толлинг қызметі, 82,62 кг зергерлерге сатылды, 80,93 тоннасы Ұлттық банктің мекен-жайына жөнелтілді. Осылайша, өнімнің негізгі бөлігі қазіргі таңда еліміздің алтын-валюта қорын толықтыруға жұмсалуда.

Зауыт аз шығын шығара отырып, келіп түсіп жатқан шикізаттан неғұрлым көп алтын алуға мүмкіндік беретін аффинаждың электрохимиялық әдісін қолданады.

Зауыт негізінен Доре қорытпасын, катод алтынын, шайма алтынды зергерлік сынықтарды өңдеумен айналысады. Қазіргі таңда зауыт 34 компаниямен келісім-шарттар жасаған. Негізгі жеткізушілер қатарында зауытқа бір тонна алтыннан көп металл жеткізетін «Полиметалл», «Қазақалтын», «Алтыналмас», «Варваринское» және тағы басқа компанияларының құрылымына кіретін кәсіпорындар бар.

Алты жыл жұмыс істеген зауыт 92 тоннадан астам алтынды аффинаждан өткізген. Алғашқы өнімді зауыт 2013 жылғы желтоқсанда шығарған-ды. Зауытты салуға тартылған инвестициялар көлемі 5,5 млрд теңгені құрады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif