Қазақстанда сүт өнімдері қымбаттап жатыр

Бағының өсуіне өндірістің ұлғайғаны да әсер ете алмауда

Фото: Shutterstock

2019 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанда сүт өнімдерін өндіру жылдық 214,3 млрд теңгеден 225,2 млрд теңгеге дейін артқан, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Жалпы, 2018 жылы сүт және сүт өнімдерін өндіру 284,9 млрд теңгені, ал 2017 жылы — 240,2 млрд теңгені құрады.
Сүт өнімдері арасында өңделген сұйық сүт пен қаймақ өндірісі елеулі артқан: 387,4 мың тоннадан 416,4 мың тоннаға дейін, өсім 107,5% құрады. Сонымен қатар, ірімшік пен сүзбе өндірісі де елеулі өсім берген: 20,7 мыңнан 21,8 мың тоннаға дейін артқан, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, өсім 105,6%-ға тең болды. Сары май өндірісі 13,7 мың тоннадан  14,3 тоннаға жеткен (өсім — 104,1%). Басқа сүт өнімдерін өндіру 165 мың тоннадан 166,9 мың тоннаға дейін жеткен (өсім — 101,1%).

Жыл ішінде бәрінен көп қымбаттаған 2,5%-дық пастерленген сүт — бірден 12,2%-ға, 1 литрі 238,2 теңгеге дейін, пастерленген сүт 11,4%-ға, 1 литрі 247 теңгеге дейін. Бір жыл ішінде мәйек ірімшігінің бағасы 10%-дан астам өскен (+10,7%, бір килограммы  2,7 мың теңгеге дейін) және сары май бағасы (+10,5%, бір килограммы 2,3 мың теңгеге дейін).

Негізгі азық-түлік себетіндегі сүт өнімдері арасында бір жыл ішінде 5–9%-дық ірімшік қана арзандаған: арзандау тек 0,2%-ды құраған, бір килограммы 1,6 мың теңгеге дейін.

Негізгі сүт өнімдері бағасының қымбаттауы оларды тұтынуды төмендетті. 2019 жылғы 1-тоқсанда халықтың сүт пен сүт өнімдерін тұтынуы жан басына шаққанда, 63,3 кг (литрді) құрады — өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, 3,8%-ға төмен.

Қазақстандықтардың сүт өнімдерін тұтынуы ҚР 17 аймағының 12-де байқалған. Әсіресе, бұл Шымкентте анық байқалады — тұтыну 26,1%-ға, 51,4 кг (литрге) дейін төмендеген, сондай-ақ Маңғыстау (-10,9%) және Павлодар (-10,5%) облыстарында.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif