Ресей Қазақстанға 15 Sukhoi Superjet 100 ұшақтарын жеткезуге ниетті

ҚР айырбас ретінде Boeing және Airbus-ты жеңілдікпен әкелуді ұзартуды сұрап отыр

Фото: Fasttailwind/Shutterstock

Ресей Қазақстанға Sukhoi Superjet 100 ұшақтарының 15 данасын жеткізуді жолға қоюға ниетті және соған қол жеткізу мақсатында SCAT авиакомпаниясымен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Интерфакс.

Дереккөздің мәліметтері бойынша, Қазақстанның салалық шенділері мұндай келісімге тек бір шарт орындалғанда ғана баруға дайын. Олар Кедендік одақ комиссиясының №130 шешімін 2032 жылға дейін ұзартуды сұрап отыр: ол ЕАЭО-ға А320/Boeing-737 орташа магистральдық және А330/Boeing-767 алыс магистральдық ұшақтарын әкелу кезінде кедендік баж салығын төлеуден босатады. Олардың біріншісі үшін жеңілдік тарифтері 2023 жылы аяқталса, екіншісінікі – 2025 жылы аяқталады. Ал 2032 жылға дейін Air Astana мен SCAT авиакомпанияларына 60-қа жуық орташа магитральдық жаңа ұшақтар қажет болады, - жеңілдіктердің болмауы $500 млн сомасындағы қосымша шығынды талап етеді, ал бұл билет бағасына әсер етеді.

Ресейлік реттеушілер №130 шешімді ұзартуға қарсы. Атап айтқанда, дерекөздің мәліметіне сәйкес, Қаржы министрлігі бұл мәселені талқылауға 2020 жылы - «РФ Өндірістік сауда министрлігі Ресейде өндірілетін авиатехниканы сатып алу бойынша ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттермен  өткізген келіссөздердің нәтижесі бойынша» оралуды ұсынып отыр.

SCAT-пен жүргізіліп жатқан келіссөздер жайында білетін  дереккөз РФ сақтанып отыр деген пікірде: шетелдік ұшақтарды әкелуге жеңілдік тарифтері ұзартылса, авиакомпания SSJ-100 қшақтарын сатып алуға осыдан бірнеше жыл бұрын уәде еткен-ді. Нәтижесінде, 130-шешім ұзартылды, бірақ SCAT «суперджеттерді» сатып алған жоқ.

«Әкелінетін ұшақтарға қатысты тарифтік жеңілдіктерді ұзарту мәселесі қазір ЕАЭО аясында белсенді талқылану үстінде. Қазақстандық тараптың ұсынысын, Ресейден басқа, барлық қатысушы-мемлекеттер қолдап отыр», – деп мәлімдеді Қазақстанның сауда және интеграция министрлігіндегі шенділер.  SCAT-қа SSJ-100 ұшақтарын жеткізу мәселесі туралы сұрақтарды министрліктегілер компанияның өзіне жолдауды ұсынды.    

SCAT-тың баспасөз қызметіндегілер «компания жыл сайын өзінің әуе кемелері паркін кеңейтетінін, ол биыл да кезекті Boeing-737-мен толығатынын» мәлімдеді.

Осы орайда, Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі агенттікке №130 шешімін ұзарту, сондай-ақ «ресейлік Sukhoi Superjet 100 ұшақтарын сатып алу мәселесі» 15-қазанда Қазақстан мен РФ-ның әріптестік жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысында талқыланды, деп хабарлады. Шенділер талқылаудың детальдары туралы пікір білдіруден бас тартты, бірақ «SCAT авивакомпаниясының ақпараты бойынша Sukhoi Superjet 100 ұшақтарын сатып алу жақын уақытта жоспарланып отырған жоқ» дегенді қосты.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылғы 5-мамырда «Аэрофлоттың» Москвадан Мурманскіге ұшып бара жатқан Sukhoi Superjet 100 ұшағы жексенбі күні кешке Шереметьево әуежайына шұғыл түрде оралып, 28 минут ұшудан кейін апаттық жағдайда қонған болатын.

Метеожағдайдың күрделі болуы салдарынан, ұшақ тек екінші талпыныстан кейін ғана қона алды. Қону кезінде оның тіреулері майысып, қозғалтқыштары отқа оранды. Москвадағы авиаапат салдарынан, 41 адам қаза болды.Алты адам ауруханаға жеткізілді, олардың үшеуі ауыр жағдайда болды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ресейлік авиакомпания Қазақстанға Sukhoi Superjet 100 ұшақтарын әкелген болатын. «Курсив» мұндай тасымалдаушылардың еліміздің теріскейіндегі нарыққа табан тіргенін анықтады

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif