Қай аймақта зергерлік бұйымдар қымбат?

Ал алтын мен күмістің бағасы қанша

Фото: Depositphotos

Қазақстанда әшекей бұйымдарының өндірісі 9 айда 529,1 миллион теңгені құраған. Ал былтыр бұл көрсеткіш 507,8 млн теңге көлемінде қалыптасты, деп хабарлайды EnergyProm.

Қыркүйек айында алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың құны 5,8 пайызға қымбаттап, грамы 16 870 теңгеден сатылған. Ал былтыр қыркүйекте оны 15 938 теңгеге сатып алуға болатын еді. 

Ең қымбат алтын әшекейлер Нұр-Сұлтан (23 707 теңге), Ақтау (20 285 теңге), Атырау (19 859 теңге) қалаларында сатылады. Ал Ақтөбе, Тараз, Түркістан қалаларында алтыннан жасалған әшекейлердің грамын 14-13 мың теңгеге табуға болады. 

Күмістен жасалған әшекей бұйымдар жыл басынан бері 1,8 пайызға қымбаттап, грамы 1509 теңгеден сатылып жатыр. Атырау, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күміс әшекейлердің құны өзге аймақтардан жоғары. Ал Көкшетау, Семей, Түркістан қалаларында ол біршама арзан – мұнда 1 грамм күмісті 1000 теңгеге сатып алуға болады. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif