Алматыда карантин күшейтіледі

Жарияланды
Қоғамдық орындарға жасыл мәртебесі барлар ғана еркін кіріп-шығады

Алматыда карантин қайтадан күшейтілді. 13 қаңтар жарық көрген қаулыға сәйкес, қоғамдық нысандарға тек «жасыл» мәртебесі барлар еркін кіріп-шығады. Мектеп оқушылары мен студенттер қашықтан оқуға көшеді. 

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитариялық  дәрігерінің қаулысына сәйкес, бүкіл қалада жиын-той, босқосу өткізуге, конференция, форум, көрме ұйымдастыруға тыйым салынады. Тек «Ашық» жобасына қатысатын орындарда 30 адамға дейін ас өткізуге рұқсат. 

Барлық орта білім беретін мектеп оқушылары мен колледж, ЖОО студенттері қашықтан оқуға көшіріледі. Толық вакцина салдырған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауымен штаттық түрде оқытуға мүмкіндік беріледі. 

Концерт залдары, цирк, театр жұмысына тыйым салынып, мешіттерде жұма намаз оқуға шектеу қойылады. 

Түнкі клубтар жұмысын тоқтатуы қажет. Қоғамдық тамақтану орындар да келушілер санын шектейді, кинотеатрға келетіндер залдың 30 пайызынан аспауы тиіс.

Мемлекеттік мекемелер мүмкіндігінше қызметкерлерінің 70 пайызын қашықтан жұмысқа көшіруі тиіс.  

Қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте бетперде тағып, арақашықтық сақтау қажет. 

ПТР-тест оң тәтиже көрсетіп, вирус анықталса, 14 күн үйден шықпай, карантинде отыру міндеттеледі. 

 

Сондай-ақ оқыңыз