1 view

ҚР Денсаулық сақтау министрінің жалақысының мөлшері белгілі болды

Алексей Цой отбасына аптасына 70 мың теңгеге дейін ақша жұмсайтынын айтты

Фото: Асқар Ахметуллин

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отбасына аптасына 70 мың теңгеге дейін ақша жұмсайтынын айтты.

Министрдің айтуынша, ол үкіметке стандартты жалақы алады.

 «Бұл стандартты, барлығымыз 900 мың теңгенің шамасында аламыз», - деп түсіндірді Цой.

Журналистердің шығынға қатысты сауалына жауап берген Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы оның отбасында бес адам бар екенін айтты.

 «Біз тамаққа аптасына 50-70 мың теңге жұмсаймыз. Мұның бәрі қандай да бір отбасылық мереке немесе басқа нәрсенің болуына байланысты. Біз қарапайым адамбыз,  қарапайым дүкенге барымыз. Сондықтан бұл қалыпты жағдай », - деп түсіндірді Алексей Цой.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер