1 view

Коллекторлық агенттіктер берешек туралы мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге құқылы ма?

Фото:tobyl-torgai.kz

Коллекторлық агенттіктер берешек туралы мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге құқылы ма? Бұл сұраққа fingramota.kz сайты жауап берді.

«Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында коллекторлық қызмет құпиясы коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор, берешек туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талап тары туралы кез келген мәліметтер мен өзге де мәліметтерді қамтиды деп көзделген.

Борышкерге қатысты коллекторлық қызмет құпиясы борышкердің өзіне, борышкердің жазбаша келiсiмi, оның ішінде банктік қарыз шартын жасасу кезінде - банк құпиясын ашуға немесе микрокредит беру туралы шартты жасасу кезінде микрокредит беру құпиясын ашуға берген жазбаша келісімі негiзiнде үшiншi тұлғаға, сондай-ақ «Коллекторлық қызмет туралы» заңның 11- бабының 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ғана ашылуы мүмкiн.

Осылайша, коллекторлық агенттіктер үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға және оларға микрокредит құпиясын/банктік құпияны құрайтын мәліметтерді тек борышкердің берген жазбаша келісімі негізінде, оның ішінде банктік қарыз шартын/микрокредит шартын жасасу кезінде ғана ашуға құқылы.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер