Елімізде кейбір жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестелері өзгерді

Жарияланды
12 желтоқсан сағат 00.00-ден бастап

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2021 жылғы 12 желтоқсан сағат 00.00-ден бастап пойыздар қозғалысының 2021-2022 жылдарға арналған нормативтік графигінің енгізілуіне байланысты жолаушылар пойыздарының қозғалысы бойынша мынадай өзгерістер енгізілгенін  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі  хабарлады.

1.    Жүру бағыттары ұзартылады:

 – №37/38 «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол» «Семей – «Маңғыстау-Семей» станциясына дейін;

– №45/46 (№673/674 орнына) «Павлодар – Нұр-Сұлтан 1» Шымкент – «Павлодар-Шымкент» станциясына дейін;

– № 613/614 «Орал – Ақтөбе» Құлсары «Орал – Құлсары» станциясына дейін. 

 2. Жүру бағыты қысқартылуда:

– №85/86 «Нұр-Сұлтан 1 – Сарыағаш» Шымкент – «Нұр-Сұлтан 1 – Шымкент»  станциясына дейін.

-№86/85 «Нұр-Сұлтан-1-Шымкент» пойызының маршрут кестесінде 27 станцияда тұрақтар оңтайландырылды, бұл құрамның жүру уақытын 3 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді (24 сағаттың орнына 21 сағат). Оңтайландырылған станциялар бойынша жолаушыларды отырғызу/түсіру №45/46 «Павлодар-Шымкент» балама пойызының маршрутында қарастырылған.

3. Жүру жиілігі өзгереді:

1) № 45/46 (673/674 орнына) «Павлодар – Шымкент» күн сайыннан күнараға;
2) № 353/354 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Семей» күн сайыннан күнараға;
3) № 613/614 «Орал – Құлсары» аптасына үш реттен күнараға;
4) № 51/52 «Алматы-2 – Орал» күнарадан күн сайынға. 

 4. Кесте өзгерді:

– №77/78 «Маңғыстау-Алматы-2» Маңғыстау станциясынан жөнелту уақыты 22.05-тің (астана уақыты бойынша) орнына 09.05 болып. 

 5. Жаңа бағыт енгізіледі: 

– №111/112 «Алматы-2-Маңғыстау», Тальго вагондарымен қалыптастырылған, күнара қатынайды.

6. Жылжымалы құрам жаңартылды:

1) №603/604 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Арқалық» Тальго вагондарымен;
2) № 613/614 «Орал-Құлсары» ҚХР вагондарымен, ауа баптау жүйесімен;

7. Пойыздардың нөмірленуі өзгерді:

– №373/374 «Алматы-2 – Жезқазған» мына № 73/74;
– №321/322 «Алматы-2-Сарыағаш» мына № 88/87;
– №339/340 «Павлодар-Пресногорьковская» мына № 139/140;
– №673/674 «Павлодар-Шымкент» мына № 45/46 болып.

8. Бағыт алынып тасталды:

1) №19/20 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы Жол-Атырау»;
2) №71/72 «Алматы-2-Түркістан»;
3) №95/96 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы Жол-Орал»;
4) № 701/702 «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол» 
  Маршруттарды оңтайландыруға байланысты бір реттік пойыздар белгілі бір күндерде бір бағытта: 
– №702 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол-Алматы 2» Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол станциясынан 11 желтоқсан сағат 09-40 жөнелтіліп, Алматы-2-ге 11 желтоқсан сағат 23-45 келуімен;
– №702 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Алматы 2»  Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол станциясынан 12 желтоқсан күнгі сағат 18-25-те жөнелтіліп, Алматыға-2-ге  13-ші желтоқсан күнгі сағат 09-00-де келуімен;
    – №85 «Сарыағаш-Нұр-Сұлтан-1» Сарыағаш станциясынан 12 желтоқсанда сағат 16-47-де жөнелтіліп, Нұр-Сұлтанға 1-ге 13 желтоқсанда сағат 22-35-те келуімен;
– №674 «Нұр-Сұлтан 1-Павлодар» Нұр-Сұлтан-1 станциясынан 12 желтоқсанда сағат 23-59-да жөнелтіліп, Павлодарға 13 желтоқсанда сағат 08-55-те келуімен;
– №37 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Маңғыстау»  Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол станциясынан 12 желтоқсан күнгі сағат 19-00-де жөнелтіліп, Маңғыстауға 14 желтоқсан күнгі сағат 17-25-те келуімен;
– №87 (321) «Сарыағаш-Алматы-2» Сарыағаш станциясынан 12 желтоқсанда сағат 18-38-де жөнелтіліп, Алматы-2-ге 13 желтоқсанда сағат 13-54-те келуімен;
– №31 «Павлодар-Алматы-2» Павлодар станциясынан 12 желтоқсанда 19-35-те жөнелтіліп, Алматы-2-ге 13 желтоқсанда сағат 21-16-да келуімен іске қосылады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz.сайтынан алуға болады.

 

 

Сондай-ақ оқыңыз