Телефонды сатқыңыз келсе деректерді қалай толық жою керек

Жарияланды
Ол жердегі қандай ақпарат қаржы алаяқтарына қызықты болуы мүмкін?

Біз смартфондар мен планшеттерді, флэш-дискілерді, компьютерлер мен ноутбуктерді қажет уақытта жаңасына  ауыстырамыз. Бірақ сонымен бірге, құрылғыдан ақпаратты қалай жою керектігін көптеген адамдар білмейді немесе ұмытып кетеді. Құрылғыларыңызда  қаскүнемдер пайдалана алатын көптеген жеке деректер сақталады. Бұл туралы kursiv.kz Fingramota.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Деректер:

1. Тұрғылықты жеріңіз, жұмыс орныңыз, және қандай орындарға барасыз;

2. Отбасы мүшелерінің, достардың, әріптестердің байланыс деректері;

3. Телефон қоңырауларының, хат алмасулардың тарихы;

4. Орнатылған және бұрын орнатылған әртүрлі қосымшалар, оның ішінде банктік;

5. Веб-браузер беттеріне кіру тарихы, іздеу тарихы, интернет желісінен сақталған сайттар;

6. Жеке фотосуреттер, бейне және аудиожазбалар, жеке басты куәландыратын құжаттардың сканерлері (ЖСН, нөмір, серия), төлем карталарының фотосуреттері (толық деректемелер, оның ішінде артқы жағындағы үш таңбалы код);

7. Сақталған құпиясөздер;

8. Банктік шоттардың көшірмелері немесе  электрондық үкіметтен анықтамалар;

9.  Сіздің денсаулығыңыз, жасыңыз, жүрек соғу жылдамдығы, жаттығу тарихы және қан қысымы туралы ақпарат.

 Құрылғыны қалай иелік еткіңіз келетініне қарамастан (мысалы, жаңасына ауыстыру, сыйға тарту, отбасы мүшесіне беру, сату немесе тастау), алдымен одан барлық құпия ақпаратты жойыңыз. Деректерді жай ғана жою көбінесе жеткіліксіз, барлық ақпаратты құрылғыдан сенімді түрде өшірген дұрыс. Ең оңай жолы – құрылғыны зауыттық қалпына келтіру.

Apple iOS құрылғылары үшін: «Басқару – Жалпы – Бастапқы қалпына келтіру – Мазмұн мен баптауларды жою» жолымен қалпына келтіруге болады.

Android құрылғылары үшін: «Басқару – Құпиялылық – Бастапқы қалпына келтіру».

Қосылған жад карталары немесе қосымша жад құрылғылары құрылғы қалпына келтірілгеннен кейін оларға жазылған деректерді сақтауды жалғастыратынын ұмытпаңыз. Сондықтан оларды бөлек тазалау керек.
Тағы бір тәсілі бар, егер сіз жай ғана құрылғыны тастағыңыз келсе, алдымен құрылғыда барлық деректерді шифрлау қосылғанына көз жеткізуіңіз керек. Көптеген заманауи мобильді құрылғылар және операциялық жүйелерде шифрлау функциялары орнатылған, оларды іске қосу үшін сенімді коды бар экран құлпын қосу жеткілікті. Егер құрылғы Windows операциялық жүйесімен болса, онда BitLocker тегін шифрлау функциясын қоса аласыз.
 

Сондай-ақ оқыңыз