1 view

Санақтан өту кезінде отбасы мүшесін қосуды ұмытып кеткендер не істеуі керек?

Анкетаны қазанның 1-30 аралығында үйлерді аралайтын интервьюерлердің көмегімен де толтыруға болады

Фото:egov.kz

Соңғы күндері 1446 байланыс орталығына санақ парақтарын толтыру кезінде түрлі себептермен отбасы мүшелерін (балаларды, ата-аналарды, туыстарды және т.б.) қосуды ұмытып кеткендер мен ҚР аумағында уақытша тұрамын деп көрсеткен респонденттер жиі хабарласуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Егер тіркелген әрі санақтан өткен респондент санақ парағына өзгеріс енгізуді қаласа, байланыс орталығына немесе аймақтардағы жауапты тұлғалардың телефондарына хабарласуы қажет (тізім sanaq.gov.kz сайтында көрсетілген).

Байланыс орталығына хабарласқаннан кейін респонденттерде үй шаруашылығы (отбасы) мүшелерін қосу, уақытша тұрғанын көрсеткен азаматтар үшін тұрақты тұратынын белгілеп, 3-И санақ парағын өзі және қосылған отбасы мүшелері үшін толықтыру мүмкіндігі болады.

Бұдан бөлек, анкетаны қазанның 1-30 аралығында үйлерді аралайтын интервьюерлердің көмегімен де толтыруға болады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер