1 view

Вакцина салдырмағандарға апта сайын ПТР-тест тапсыру міндеттелмек

Оның ақысын не қызметкер, не жұмыс беруші төлейді

Фото: Pixabay.com

Жиырмадан астам адам жұмыс істейтін  ұжымда коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған қызметкерлер аптасына бір рет  ПТР-тест тапсыруы керек. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен баспасөз-жиынында мәлімдеді.

Короновирусқа қарсы ведомстоваралық комиссия қызмет көрсету саласы мен өнеркәсіп кәсіпорны жұмысшыларын міндетті түрде вакцинациялау туралы шешім қабылдады. Бұрын ол ерікті еді. Бұл шешім Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер тиісті қаулыға қол қойған соң күшіне енеді. 

Ал вакцина салдырғысы келмейтін азаматтар аптасына бір рет міндетті ПТР-тест тапсыруы тиіс. Бұл талап  20-дан астам қызметкері бар ұжымдардың бәріне қойылады (қызмет көрсету немесе өнеркәсіп саласындағы ғана емес). Тек вакцина салдыруға денсаулығы жарамайтындар мен коронавируспен үш ай бұрын ауырғандарға бұл талаптың қатысы жоқ. 

Осы ретте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова үш ай бұрын коронавруспен ауырып, жазылған науқастарға бұл талаптың  неге қатысы жоқ екенін түсіндіріп өтті. 

«Негізі коронавируспен жақында ауырғандардан ПТР-тест талап етілмейді. Алайда ол 3 ай бұрын ауырғандарға қатысы жоқ. Өйткені клиникалық хаттамада үш ай бұрын ауырғандар КВИ-ді қайта жұқтырғандар бар екенін көрсетіп тұр. Сондықтан ПЦР-тест тапсыру талабын 6 айдан 3 айға қысқарттық» деді ол. 

Спикер бас санитарлық дәрігер қаулысының талаптары бұзылса,  Әкімшілік-құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. Жеке тұлғаларға бес АЕК (14 585 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. 

Денсаулық сақтау министрі  Алексей Цойдың айтуынша, ПТР-тест ақысын қызметкерлердің өзі немесе жұмыс беруші төлеуі тиіс.

«Бұл мәселе  (тест ақысын төлеу) жұмыс берушінің қалауы бойынша. Бірақ мұнда сіз вакцина салдыру  мүмкіндігі тегін берілетінін түсінуіңіз керек. Артық ақша шығармай, вакцина салдырып, өзіңіз бен отбасыңызды қорғауға мүмкіндік бар» – деді Цой.

Ал Ералы Тоғжанов мұндай талап қазақстандықтардың конституциялық құқығын еш бұзбайтынын атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл шешім Қазақстанда коронавирустың «үнді» штамы анықталған соң қабылданған болатын.  Бұған дейін Қазақстанға коронавирус инфекциясының «дельта» штамы, яғни, халық арасында «үнді штамы» аталып кеткен түрі жеткені хабарланған еді.  Дельта штамының таралу қарқыны жоғары, салдары да ауыр. Инкубациялық кезеңі де қысқа. Коронавирус инфекциясының жұққаны, әдетте, 14 күн ішінде белгілі болса, бұл штамм 7 күн ішінде белгі береді.

Осы орайда үкімет басшысы Асқар Мамин бүгін үкімет отырысында коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия  жиынын өткізіп, бас қалада санитарлық талаптарды күшейтуді тапсырған болатын. 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер