Шымкент станциясынан Сарыағаш курорттық аймағына дейін автобустармен трансфер ұйымдастырылды

Жарияланды
Жол жүру құны - бір бағытқа 1800 теңге

Жазғы маусымда «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін 2021 жылдың 3 маусымынан бастап Шымкент станциясынан Сарыағаш курорттық аймағына дейін автобустармен Трансфер ұйымдастыру бойынша қосымша қызметті іске қосады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Ол үшін жолаушы Шымкент және Сарыағаш қалаларындағы автобусқа отырғызу кезінде жүргізушіге қағаз түріндегі немесе электрондық теміржол билетін көрсетуі тиіс.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ логотипі бар автобустар Шымкент теміржол вокзалының тұрақ аймағында және Сарыағаш курорттық аймағында жолаушыларды күтетін болады.

Жол жүру құны – бір бағытқа 1800 теңге. 7 жасқа дейінгі балаларға тегін.

Сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылардан «105» анықтама қызметіне хабарласуды, ал қызметтер сапасы мәселелері бойынша бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін «1433» байланыс орталығына қоңырау шалуды сұраймыз.
 

Сондай-ақ оқыңыз