Елордада балаларға арналған ерекше алаң ашылады

Жарияланды
Алаңда ойындарға арналған түрлі сценарийлер болады

Есіл өзенінің бойындағы саябақта балаларға арналған ерекше алаң ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ойын алаңы «Қалалық романс» тұрғын үй кешені жанында орналасады. Оның бірегейлігі – ойындарға арналған түрлі сценарийлер болады.

Сондай-ақ, алаңда құмсалғыш, сырғанақ, бақылау орны және өзге де түрлі ойын элементтері орнатылады. Балалар алаңының жалпы ауданы – екі мың шаршы метрден астам. Қалалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкеннің айтуынша балалар ойын аймағы биыл жазда ашылады. Ол түрлі жастағы балалардың бәріне арналған.

Ал бос уақытын таза ауада өткізгісі келетіндер үшін алаңның айналасында әткеншектер мен орындықтар қою жоспарланып отыр.

 

Сондай-ақ оқыңыз