1 view

Ауыл шаруашылығында 1,1 трлн өнім өндірілді

Қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,1%-ға артты

Фото: АШМ

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,1%-ға артып, 1 110 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3,2%-ға ұлғаюы (1 039,4 млрд. теңге) есебінен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, ет өндіру көлемі тірідей салмақта 5,5%-ға, сүт өндірісі 3,1%-ға өсті.

Аталған кезеңде өсімдік шаруашылығы өнімдері 58,3 млрд. теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 100%-ды құрады. Бұл көлем ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта (жылыжайда) өсіру есебінен қамтамасыз етілді.

Облыстар бойынша республикалық деңгейден жоғары қарқын төрт облыста байқалды: Ақмола – 113,8%, Павлодар – 103,9%, Батыс Қазақстан және Қарағанды-103,3%.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер