1 view

Мемлекеттік аудит барысында 60 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды

Қаңтар-сәуірде 3,5 трлн. теңгені құрады

Фото: ҚР Қаржы министрлігінің Telegram каналы

Мемлекеттік аудит барысында 60 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін Үкімет отырысы барысында мәлімдеді.

2021 жылғы қаңтар-сәуірде 3,5 трлн. теңгені құраған 395 мың мемлекеттік сатып алу рәсімдері камералды бақылауымен қамтылған. 

Нәтижесінде 11587 іс-шарада бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бұзушылықтарды жою туралы 10 933 хабарлама орындалды.

Барлығы 1 124 аудиторлық іс-шара өткізілді, аудиторлық тексеру 604 млрд.теңге бюджет қаражатын қамтыды.

   «60 миллиард теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды. 44 миллиард теңгенің бұзушылықтары тауарлар жеткізілімін қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтемақы төлеу және бухгалтерлік есепте көрсету арқылы жойылды», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудит органдары бақылау объектілерін жақсарту және тиімділігін арттыру бойынша 947 ұсыныс берді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер