1 view

Қазақстандық жауынгердің сүйегі Отанға Молдовадан жеткізілді

Ол 1944 жылы қаза тапқан қазақстандық жауынгер Иван Чередник

Фото: Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтынан

Қазақстандық жауынгердің сүйегі Отанға Молдовадан жеткізілді. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Молдова аумағындағы Кокочены хуторы (қазіргі Войнеску) үшін фашистік басқыншылармен болған қиян-кескі шайқастарда 1944 жылы қаза тапқан қазақстандық жауынгер Иван Чередниктің сүйегі мен жауынгерлік наградаларын Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдеріне ресми түрде табыс етті.

Осы жылдың ақпан айында Хынчешть ауданының Войнеску ауылының маңында молдовалық іздеушілер кеңес сарбаздарының бауырлас әскери зиратын тауып, олардың арасында жерлесіміз, пулеметшілер тобының командирі, гвардия кіші сержанты Иван Чередниктің жеке басы анықталды.

Молдова Республикасының Қорғаныс министрлігі мен «Победа» ұлттық үйлестіру комитеті Кишинев қаласындағы «Мәңгілік» мемориалдық кешеніндегі «Белгісіз солдаттың» қабірінде құрмет қарауылы ротасының қатысуымен оған тиісті әскери құрмет көрсету бойынша ресми рәсім өткізді.

Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстанның Молдовадағы Елшілігі павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу жасағымен бірлесе отырып, жауынгердің сүйектерін туған қазақстандық жерге жеткізуді ұйымдастырды.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер