Елордалықтар үшін 6 мамырдан бастап Қытайдың Sinopharm вакцинасы қолжетімді болады

Жарияланды
7 400 доза жеткізілді

Қытайдың коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасының 7 400 дозасы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына жеткізілді. Бұл туралы онлайн-брифингте ведомство басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

    «Жақында басқарма қоймаларына 7 400 дозада қытайлық Sinopharm вакцинасы жеткізілді. Елорда тұрғындарын Қытай вакцинасымен вакцинациялауды ертеңнен бастап МСАК ұйымдарында, яғни медициналық ұйымдарда ғана бастаймыз. Екпе қабылдағысы келетін адам вакцинаның түрін өзі таңдайды», – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Ол сондай-ақ, бүгінде елордада коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың 100-ден астам егу пункті жұмыс істейтінін еске салды: МСАК мекемелерінде және қаланың ірі СОО-ларында. Олар сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қала тұрғындары вакцинаның түрін өзі таңдай алады. Қазір мынадай вакцина түрлері қолжетімді: қазақстандық QazVac, ресейлік «Спутник V», енді қытайлық Sinopharm.

Сондай-ақ оқыңыз