1 view

Елімізде түлектер үшін соңғы қоңырау рәсімін өткізуге рұқсат берілді

Министр барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтауды тапсырды

Фото:qazaqstan.tv

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде 9 және 11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау рәсімін өткізуге рұқсат берді. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлады.

 "Соңғы қоңырау 25 мамырда оқу жылының үшінші тоқсанынан бері офлайн режимде оқып жатқан 9 және 11 сынып түлектері үшін өткізіледі. Сондай-ақ, санитария талаптарын қатаң сақтай отырып, 25 мамырға арналған іс-шаралар, соңғы қоңырау және биыл маусымның ортасында өтетін аттестат тапсыру офлайн режимде өтеді деп жоспарлап отырмыз", - деді министр аппарат жиналысында.

Білім және ғылым министрі  білім басқармаларына барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, іс-шараны ұйымдастыруды тапсырды.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Telegram және Facebook


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер