Елімізде 17 компания медициналық бетперделерді шығарады

Жарияланды
Кәсіпорындар күніне 1 600 000-ден астам бетперде шығарады

Қазақстанда медициналық бетперделерді 17 компания шығарады. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан.Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы алғанда, кәсіпорындар күніне 1 600 000-ден астам бетперде шығарады. Қазір қоймаларда 21 000-нан астам бетперде бар.

Сондай-ақ оқыңыз