Байқаңыз, қаржы пирамидасы

Жарияланды
Қаржылық алаяқтық және қаржы пирамидаларының негізгі схемалары

Қаржылық алаяқтық және қаржы пирамидаларының негізгі схемалары жайлы Fingramota.kz сайты жазады.  

Алғашқы қаржы пирамидасы АҚШ-та пайда болған. 1919 жылы Чарльз Понци вексельді ақшаға айырбастау арқылы ақша тартумен айналысатын «The Securities and Exchange Company» (SXC) компаниясын құрады. Міндеттемелер бойынша төлем 45/90 күн өткен соң 50%/100%-дық мөлшерде жүзеге асырылған. 1920 жылғы шілдеге Понци өз вексельдерін күніне 250 мың АҚШ долларына дейін сомаға сатқан. Дүрлігу, әсіресе тапсырыспен жазылған материалдардың жарыққа шығуымен (атап айтқанда, Boston Post) күннен-күнге өрши түседі. 1920 жылы 10 тамызда компания  жабылғаннан және оның ішкі бухгалтериясымен танысқаннан кейін федералдық агенттер SXC-тің ешқайда ақша инвестициялаумен айналыспағанын, өз облигацияларының жаңа шығарылымдарын сатудан түскен түсімдер есебінен тек пайыздар төлегенін анықтайды.

Соңғы 100 жыл ішінде Понцидің ізбасарлары қаржы пирамидаларын құруды жалғастыруда, оның ішінде Қазақстанда да бар, мұнда соңғы үш жыл  көлемінде қаржы пирамидасын құру бойынша 180 оқиға тіркелген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы а 2017-2019 жж. аралығында 8,3 млрд теңге болды.

1. Понцидің классикалық схемасы

Бұл қаржы пирамидаларының басым бөлігі пайдаланатын ақша тарту схемасы, оған сәйкес схемаға тартылатын қатысушылардың салымдары бұрын тартылған қатысушыларға  төлемдерге бағытталған.

 
2. Желілік  маркетинг түрінде  

Бұл алаяқтар өз қызметін алдап бүркеу үшін жиі қолданатын схема, ол желілік маркетинг процесіне ұқсас болып келеді.

Желілік маркетинг те, қаржы  пирамидаларының да иерархиялық құрылымы, халықты тарту бойынша бағдарламасы («маркетингтік жоспар»), өнімді/көрсетілетін қызметті сатудан түскен бонустар төлеу (пирамида жағдайында бұл алдамшы бүркеу) және т.б. бар. Негізгі айырымшылығы бұл желілік маркетингте бонустар,  әртүрлі төлемдер өнімнің құнына кіреді, ал пирамидаларда өнім немесе көрсетілетін қызмет алдамшы бүркеу және халықты ашықтан-ашық тарту үшін қажет болады, ал қатысушы табыс табуы үшін клиенттердің белгілі бір санын тартуы қажет, олар да сол сомаға тауар сатып алады. Әрбір тартылған қатысушы, өз кезегінде, қатысушылардың қосымша санын тартады және т.б.

3. Комиссиялық дүкен түрінде

Қазіргі кезде белгіленген мерзімде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде есептік тіркеуден өтпеген және ҚР заңнаманың тиісті талаптарын орындамаған кейбір микроқаржы ұйымдары комиссиялық дүкен ретінде жұмыс істейді.

Комиссиялық дүкен жұмысының қағидаты бұрын өтініш берген адамның мүлкін сатудан сыйақы алуға негізделген, яғни тауарды одан әрі сату үшін қабылдау және сатудан түсетін комиссия алу.

Комиссиялық дүкен қызметінің атын жамылған кейбір ломбардтар сыйақының жоғары мөлшерлемесін (заңнамада белгіленгеннен жоғары) белгілейді, уәкілетті органның тарапынан реттеуден және бақылаудан жалтарады.

4. Цифрлық қылмыстар, фишинг

Бұл қоңырау шалу немесе вирусты бағдарламалар арқылы клиенттің дербес деректерін, сондай-ақ банктік қосымшалардың логиндерін, парольдерін, төлем карталарының CVV-кодтарын алып қоюға негізделген алаяқтық түрлерінің бірі.

Процесс былайша жүзеге асырылады:

– алаяқтар клиентке қоңырау шалады, өзін банк қызметкерімін деп таныстырады, клиент шотының алаяқтардың шабуылына ұшырағанын, ол үшін  оның телефон нөміріне түсуге тиіс SMS-кодты хабарлау қажет екенін айтады, сондай-ақ CVV-кодты (картаның сырт жағындағы үш мәнді код) сұрауы мүмкін.

– алаяқтар сыйлықтар ұтудың нәтижесінде шотқа ақша түседі деп хабарлауы мүмкін. Осындай хабарлар интернет-сілтемелердің көмегімен де таратылуы мүмкін. Алаяқтардың негізгі мақсаты – сәйкестендіру деректерін алу. Одан әрі шоттың иесінен карточканың нөмірін және басқа конфиденциалды ақпаратты нақтылайды. 

 
5. Онлайн-ойындар түрінде

Алаяқтар азаматтарды әлеуметтік желілердегі онлайн-топтардағы ойындарға және басқасына қатысумен табыс алу мүмкіндігіне қызықтыра отырып интернетте ақпарат таратуы мүмкін.

Осындай схемалардың мысалы «Котел», «Черная Касса». Азаматтарға топқа кіруді, жүйелі түрде жарналар төлеуді және қысқа мерзімде жоғары кіріс алуды ұсынады. Бұл ретте қосымша қатысушыларды тарту қажет. Жарналар ұйымдастырушылардың карточкалық шоттарына жүзеге асырылады. Осы сомалар кейіннен шоттардан қолма-қол ақша нысанда алынады немесе басқа банктердің шоттарына аударылады, ал ұйымдастырушылар жасырынып қалады.

 
6. Әртүрлі туристік қызмет көрсету түрінде

Ұйымдастырушылар қатысушыларды тарту, мысалы, круиздік клубтарға тарту арқылы жоғары кіріс алуды ұсынады. Барлық мүмкіндігінше семинарлар, курстар, қатысушыларды оқу өткізіледі. Бірақ жүйелі жарналарды және жаңа қатысушыларды тартуды жүзеге асыру қажет. Туристік қызметтерді ұсынатын және ақшалай жарналар тартатын компаниялар көбінесе Қазақстанның аумағында тіркелмеген. 

 
7. Онлайн-кредиторлар (алаяқтық)

Шетелде тіркелген жосықсыз компаниялар төмен сыйақы мөлшерлемесімен қарыздар алуды ұсынады. Клиент өзінің банктік деректемелерін көрсетеді, бұдан кейін оқиғалардың мынадай бірнеше даму сценарийі болуы ықтимал:

1) Клиентке қарыз берілмейді, оның орнына жазылғаны үшін сома ай сайынғы негізде алынады. Егер карточкада қажетті сома болмаған жағдайда, онда сома шотты толтырғаннан кейін бірден алынады.

2) Клиентке қарыз беріледі, бірақ сома шартта көрсетілгеннен азырақ, ал сыйақы шарт сомасына есептеледі. Бұл жасырын комиссиялардың, сақтандырудың және т.б. болуын көрсетеді.

3) Клиентке сома беріледі, бірақ сыйақының жоғары мөлшерлемесі, төлеу мерзімін өткізгені үшін комиссиялар, айыппұлдар, өсімпұлдар  және т.б. сияқты жасырын есептеулер бар.

Бұл ретте, «Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес микрокредит уәкілетті органда есептік тіркеуден өткеннен кейін ғана берілуі мүмкін. Бұл ақпаратты finreg.kz. сайтынан тексеруге болады.

8. Forex (Форекс) сауда-саттық түрі бойынша

Клиентке консультациялық қызметтер көрсетуді, сондай-ақ арнайы платформаларда сауда-саттық бойынша оқудан өтуді ұсынады.

Оқыту процесінде клиентке сауда-саттық алаңында тренинг нұсқалары сияқты демо-нұсқа операцияларын жүзеге асыруды ұсынады.

Кейіннен клиентке нақты сауда-саттықты жүзеге асыру үшін ақша салуды ұсынады. Алаяқтар ақша табуға мүмкіндік бермейтін платформаларды пайдаланады, оны қысқа уақытта табыс табатын сияқты етіп көрсетеді. Нәтижесінде клиент уәделескен табысты алмайды.

9. Түрлі инвест-жобалар

Бұл алаяқтық схема инвестициялық қызмет үшін ақша қаражатын тартуға негізделген. Жеке тұлғалар/компаниялар белгілі бір жобаларға инвестициялауды жүзеге асыру кезінде қысқа мерзімде жоғары кірістілікті ұсынады. Бұл ретте, егер клиент қосымша 2 адам және одан көп адам шақырған жағдайда, клиенттің табысы ұлғаюы мүмкін.

Сонымен қатар компаниялар барынша ұзақ мерзімге мерзімдік негізде инвестицияларды тартқан жағдайлар да орын алды, мұнда кіріс қосымша тартылған адамдардың салымдарынан қалыптастырылады.

10. Тұтыну кооперативтері

Тұтыну кооперативтері өз қызметін «Тұтыну кооперативі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 мамырдағы № 197-II Заңына сәйкес жүзеге асырады.  

Осы Заңға сәйкес тұтыну кооперативі қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүшелік негізде мүліктік (пай) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі болып табылады.

Тұтыну кооперативі кооператив мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектесетін, басқа ұйымдармен салыстырғанда тиімді шарттары (мысалы, банк ипотекасы) бар азаматтардың бірлестігі болып табылады.

Бірақ іс жүзінде құрылтайшылар, менеджерлер, басшылар және басқа да қатысушылар олардың қызметіне бақылаудың жоқтығын теріс пайдаланады.

Құрылтайшылар тұтыну кооперативінің атын жамылып ақшаны жылыстату мақсатында тұтыну кооперативінің құрылымын, туыстарына жылжымайтын мүлік беру жөніндегі алаяқтық схемаларды пайдалана отырып, қаржы пирамидасын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жағдайлар бар. 

Ұйымдастырушылар жылжымайтын мүлікті қысқа мерзімде ең аз бастапқы жарнамен сатып алуды ұсынады, қосымша жаңа қатысушылар тартылған жағдайда бастапқы жарна сомасы төмендейді. Осылайша, бұған көптеген азаматтар тартылады, жылжымайтын мүлік сатып алынбайды, ал ұйымдастырушылар ізін суытады.

11. Жай серіктестік шарты

Алаяқтықтың жаңа түрлерінің бірі жай серіктестікке қатысу арқылы қарыз шартын жасасу болып табылады. Бұл алаяқтық келесі қағидат бойынша жүзеге асырылады: алаяқтар кредит тарихына, жасына және т.б. қарамастан қарыз алуды ұсынады. Қарыз берудің шарты жай серіктестікке кіру болып табылады.  Қарыз сомасын қайтару қатысушының жай серіктестіктегі үлесін сатып алуы үшін жасырын болады, бұл ретте қарыз сомасы қарыз ретінде берілген сомадан бірнеше есе асып кетеді.

Микрокредит беруді Агенттіктің лицензиясы бар ұйымдар ғана жүзеге асыратынын есте ұстаған жөн. 

Сондай-ақ, мұндай жосықсыз әрекеттердің құрбандары көбінесе қарттар мен жастар болып табылатындығын атап өткен жөн. Абай болыңыздар!

12. Фандрайзинг қоры

Алаяқтықтың бұл түрі батыс елдерінде жиі қолданылады, бірақ соңғы уақытта Қазақстанда да осындай жағдайлар болды. Мұның мәні мынада, корпоративтік қор жеке тұлғалар басқа жеке тұлғаларға қарыз бере алатын платформаны білдіреді. Алайда алаяқтықтың мәні ұйымдастырушылардың корпоративтік қор немесе өзге де қорлар түрінде өз шарттарына сәйкес халыққа қарыз беретіндігінде жатыр. Қарыз шарты жасалғаннан кейін бұл ұйым кепілдендірілген жоғары пайда алу үшін жобаларға ақша инвестициялауды  ұсынады.

 
13. Краудфандинг және краудлендинг

Арнайы платформада белгілі бір мақсаттар, жобалар үшін ақша жиналады. Краудфандингтің өзі көптеген елдерде бизнесті дамыту, қайырымдылық, стартаптарға ақша салу және т.б. үшін пайдалы құрал ретінде қолданылады. Бірақ алаяқтар осындай ақша жинауды жүзеге асырып, жасырынып жүрген жағдайлар жиілеп кетті.

 
14. Кредит беру түрінде

Понци схемасы қағидаты бойынша жұмыс істейді, бірақ ұйым сыйақы ретінде өз қатысушыларына қарыз береді. Қатысушы үлкен қарыз сомасын алу үшін белгілі бір ақша сомасын енгізуі және қосымша бірнеше қатысушыны тартуы қажет, олар да өз кезегінде қажетті ақша сомасын енгізеді. Ұйымдастырушылар қатысушыларды тартудан қажетті ақша сомасы жиналғаннан кейін кредит беруге уәде береді.

 
15. Міндеттемелерді өтеу түрінде

Бұл схеманы алаяқтар тұлғаның кредиттері немесе заңды және жеке тұлғалар алдында өзге де міндеттемелер болған кезде пайдаланады. Алаяқтар қарыз алушыға мәселені «шешуді» немесе кредитті өзіне төлеу бойынша міндеттеме алуды ұсынады. Ол үшін қарыз алушы кредит сомасының бір бөлігін (10-нан 40%-ға дейін) төлеуі қажет.

Мысалы, егер қарыз алушыда кредит бойынша 300 мың теңге мөлшерінде берешек болса, онда «мәселені шешуді» ұсынған тұлғаларға 50 мың теңге төлеп, қарыз алушы барлық қарыз сомасын өтегендей болады. Шын мәнінде, алаяқтар мәселені шешу үшін қосымша қаражат сұрайды. Нәтижесінде, клиенттің берешегі өтелмейді, бұл ретте шығыстар (айыппұлдар, өсімпұлдар және т.б.) өсе түседі.

16. Қайта бағаланған активтер

Сабын көпіршіктері – бұл активтер қайта бағаланған және нарықта алыпсатарлық орын алған кезде болатын схема. Алыпсатарлық операцияларды тоқтату материалдық залалға алып келеді. Тарихта орын алған ең жарқын мысалдардың бірі, ол 17 ғасырдағы «Қызғалдақ дүрлігуі». Осы кезеңде, 16 ғасырдың соңында Голландияның гүлдер базарында қызғалдақ брокерлері пайда болды, олар келесі жылы сатылатын қызғалдақ жуашықтарының санын көздейтін келісімшарттарды сатты. Бұл биржалық сауда-саттықтың негізгі мәні болып табылды және кейінірек алыпсатарлыққа айналды (бағалар кем дегенде 8 есеге өсті).

Қазіргі уақытта тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағасына қатысты осындай манипуляцияны жосықсыз адамдар да жүргізуде. Мұндай тауарлар (сағаттар, косметика, тұрмыстық химия құралдары, биоқоспалар және т.б.) алаяқтық схемаларға қатысушыларды тарту құралы ретінде қолданылады.

Covid-19 коронавирусының пандемиясына байланысты алаяқтық фактілерінің, қаржылық пирамидалар және кейбір ұйымдардың жосықсыз әрекеттерінің саны Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша өсті.

Біз азаматтардан қырағылық танытып, қаржы құралдарымен операциялар жүргізуді ұсынған жағдайда ұйымдарда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензиясының болуы туралы ақпаратты қайта тексеруді сұраймыз.

 

Сондай-ақ оқыңыз