АвтоЦОН Автодомнан көшіріледі

Жарияланды
Алатау ауданының мамандандырылған ХҚКО-на қайтаруды тапсырдым

АвтоЦОН Автодомнан көшіріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі өзінің парақшасында қала тұрғынының Akimat Live бағдарламасына хабарласып, «Автодом» сауда орталығы аумағында жақында орналасқан АвтоЦОН туралы айтқанын, жұмыс сапары кезінде сол жағдаймен танысқанын хабарлады.

Мұнда супермаркеттер, автосалон, басқа да сауда орталықтары, көпқабатты тұрғын үйлер орналасқандықтан бұл учаскенің, әсіресе, демалыс күндері кептелістен көзі ашылмайтыны шындық.

    «Осыған байланысты көліктерді рәсімдеу бойынша қызметтерді Алатау ауданының мамандандырылған ХҚКО-на қайтаруды тапсырдым. Ол жерде келушілер үшін де, автокөліктер үшін де жеткілікті орын бар», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Бұдан өзге, Алматы әкімі жақын маңдағы тұрғын үй кешені тұрғындарының өтініші бойынша Бостандық ауданының әкімі мен қалалық Мобильділік басқармасының басшысына қарқынмен салынып жатқан учаскенің жол жүру жолдары мен әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жоспарын ұсынуды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз