Ashyq қосымшасы бойынша жолаушылар рейске жіберілмесе, ақшасын қайтаруды талап ете алады

Жарияланды
Билеттерді қайтару туралы әуе компанияларының алдын ала келісімі алынды

Ashyq қосымшасы бойынша жолаушылар рейске жіберілмесе, ақшасын қайтаруды талап ете алады. Бұл туралы  ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Өтепов мәлімдеді.

 «Тексерілген адамның дәрежесі сары болса, жолаушылар мен әуе компаниясы арасындағы әуе тасымалы шарттарының талаптарына сәйкес қайтарылады»,-деді ол. 

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева билеттерді қайтару туралы әуе компанияларының алдын ала келісімі алынғанын айтты: «Шынында  қосымшада деректер сақталмайды. Күн сайын қызыл немесе сары жағдайы анықталған жерге түсіп тұрады. Ол мәлімет санитарлық дәрігерлерге жіберіледі».
 

Сондай-ақ оқыңыз