Алматылықтар қайтадан «Саялыдағы» автоХҚО-да көліктерін рәсімдей алады

Жарияланды
Б. Сағынтаев қызметтерді Алатау ауданының мамандандырылған ХҚО-сына қайтаруды тапсырды

 «Саялы» шағынауданындағы № 1 мамандандырылған ХҚО қайтадан көлік құралдарын рәсімдеуге байланысты Мемлекеттік қызметтерді көрсете бастайды. «Автодом» автоорталығында орналасқан бөлім 24 мамырдан бастап бұрынғы мекенжайына оралады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

 «Осы жылдың басында «Автодом» сауда орталығында шағын бұрыш ашылды, онда көлікті қайта тіркеу қызметін тек бір оператор ғана ұсынды. Содан кейін №1 автохқодағы жөндеу жұмыстарына байланысты, адам ең көп баратын мамандандырылған ХҚО-ның жүктемесін жеңілдетіп, қайта тіркеу қызметін алматылықтар үшін ыңғайлы ету мақсатында осы бұрышты кеңейтіп, оны автоцонның толыққанды секторына айналдыру туралы шешім қабылдаған болатынбыз. Бірақ ауданда көлік кептелісі және мамандандырылған ХҚО клиенттері үшін автотұраққа қатысты қолайсыздықтар жайлы азаматтардың өтініштерінен кейін, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев қызметтерді Алатау ауданының мамандандырылған ХҚО-сына қайтаруды тапсырды», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

Қазіргі уақытта көшіру (құрал-қондырғыларды ажырату, көшіру және т.б.) жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары басталды. Осыған байланысты  «Автодом» сауда орталығындағы және «Саялы» шағынауданындағы № 1 мамандандырылған ХҚО сенбі күні жұмыс істемейді.

Данияр Қырықбаевтың айтуынша, дүйсенбі, 24 мамырдан бастап «Автодом» бөлімінде бұрын электронды кезекке тапсырыс берген клиенттерді «Саялы» МХҚО-да қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, Саялы және Кемел шағын аудандарының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізуші куәлігін рәсімдеу кезінде практикалық емтихан тапсыруға және медициналық тексеруден өтуге болады.

 Бұдан басқа, автокөлікті ресімдеу бойынша шағын бұрыштар ALLUR AUTO, AstanaMotors және AsterAuto салондарында жұмыс істейді. Алматыда барлығы 5 МХҚО бар.

Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО-лардың мекенжайлары:

– Алатау ауданы, Саялы шағын ауданы, Ақ Қайнар көшесі, 1
– Түріксіб ауданы, Майлин көшесі, 85
– Жетісу ауданы, Серіков көшесі, 6а
– Түріксіб ауданы, Қайрат шағын ауданы, 181-182 к2
– Жетісу ауданы, Кемел шағын ауданы, Ақсуат көшесі, 118
АвтоХҚО-лардың жұмыс кестесі: Дүйсенбі-сенбі, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.
 

Сондай-ақ оқыңыз