Зейнетақы қорда зейнетақы шотын қалай ашасыз?

Жарияланды
ЭЦҚ көмегімен

Егер Сіз жұмысқа орналасу үшін Қорда зейнетақы шотын қалай ашасыз? Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

«БЖЗҚ» АҚ-да жеке зейнетақы шотын ашу жолы 2019 жылдан бастап жеңілдетілді. Қор бөлімшелеріне жүгінудің қажеті жоқ. Жеке тұлғаның БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша ашық шоты болмаған жағдайда, шот жұмыс берушіден бірінші жарна келіп түскен кезде Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылатын болады.

Шотты автоматты түрде ашқан кезде салымшыны зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратпен хабардар ету БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселеріне салымшы өзі келген кезде ғана жүргізіледі.

Бірақ ақпараттандыру тәсілін төмендегілердің біріне өзгертуге болады:
– интернет арқылы.
– электрондық пошта арқылы,
– пошта байланысы арқылы.

Ақпарат алу тәсілін Қордың қызмет көрсету кеңселеріне немесе «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне бару арқылы таңдауға болады. Осы қызметті алуға болатын бөлімшелердің тізімі www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөліміндегі, «Қазпочта» АҚ-мен ынтымақтастық» мәзірінде жарияланған.

Сондай-ақ, «интернет арқылы» ақпараттандыру тәсілін ЭЦҚ көмегімен Қор сайтындағы Жеке кабинеттен таңдай аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз