Вакцина алғаннан кейін кері әсері болуы мүмкін бе?

Жарияланды
Кері әсері бола қалған жағдайда бұған кім жауап береді?

Әлем бойынша пандемия жүріп жатқан кезде вакцина жайлы өзекті сұрақтарға Strategy2050.kz сайты жауаптарды  жариялады.

Вакцина алғаннан кейін кері әсері болуы мүмкін бе?

Вакцина салынғаннан кейін салдыруша емханада 30 минут дәрігердің бақылауында болады. Әрі вакцина салудан бұрын адамның аллергиялық реакциясын тексеріп алады. Осы күнге дейін екпе салдырған азаматтардың ішінде кері әсер алған болмаған. Адам ағзасы кез келген вакцинадан соң иммунитет қалыптастырады. Иммундаудан кейін дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина орнында қызару мен ісіну сияқты жағымсыз көріністердің пайда болатынын атап айту маңызды.

Кері әсері бола қалған жағдайда бұған кім жауап береді?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакцина әсеріне шағым түсірген әрбір жағдайды мұқият тексереді. Мұндай жағдайларды тексеру үшін әр облыста, ауданда, елді-мекенде арнайы комиссиялар құрылды. Жалпы вакцинаның өндірілуі, жеткізілуі, ем-шара бөлмелерінде салынуы Денсаулық сақтау министрлігінің қатаң бақылауында.
 

Сондай-ақ оқыңыз