ШҚО-да сотталғандар жаңа мешітке сыйлық жасады

Жарияланды
Сотталғандардың жасайтын есіктері шетелдерге де өте танымал

ШҚО-да сотталғандар жаңа мешітке сыйлық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

ШҚО-да қатаң тәртіптегі колонияда сотталғандар жаңа мешітке сыйлық жасады Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында ОВ-156/14 колониясындағы сотталғандар екі ашпалы үш дана есік жасап, Семей қаласының орталық мешітіне сыйға тартты.

  «Бүгінде ЖШС «Томирис» бөлме аралық есіктер шығару бойынша өндірістік қызметті жүзеге асыруына биыл екі жыл болды. Бұнда барлығы сот үкімімен мемлекеттік талап-арыздарын төлейтін 20 сотталған жұмыс істейді. Олардың есіктері біздің қалада ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де өте танымал. МДФ негізінде қаңқа-қалқан есіктерін дайындау үшін шамамен үш ай уақыт жұмсалады. Біздің мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша көрсеткіштер өте жоғары, – деді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Роллан Сатынсин. 
 

Сондай-ақ оқыңыз