Нұр-Сұлтанда Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылады

Жарияланды
Елорда әкімдігі осыған арнап үздік эскиз-идеясына байқау жариялады

Нұр-Сұлтанда талантты әнші, композитор Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш орнатылады. Елорда әкімдігі осыған арнап үздік эскиз-идеясына байқау жариялады. Ұсыныстарды Birge платформасына (https://birge-elorda.kz/nur-sultan/) оң жағынан төменгі бұрышындағы «Кері байланыс» батырмасы арқылы жіберуге болады.Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалық саябақта композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарланып отыр. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Көрнекті әнші және композитор Батырхан Шөкенов 1962 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат бүкіл елді және әншінің миллиондаған тыңдарманын есеңгіретіп жіберді.

 

Сондай-ақ оқыңыз