Express контейнерлік пойыздарды Қытайдан Италияға тұрақты жөнелтеді

Жарияланды
Биыл аталмыш бағытта 8 контейнерлік пойыздың қозғалысы ұйымдастырылды

KTZ Express контейнерлік пойыздарды Қытайдан Италияға тұрақты жөнелтуді қамтамасыз етеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

«ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының еншілес компаниясы – «KTZ Express»  АҚ  2019 жылдың қараша айынан бастап Үрімшіден Неапольға томат пастасы тиелген жиырма футтық 1 500 астам контейнердің жөнелтілімін ұйымдастырды. 2021 жылдың басынан бері аталмыш бағытта 8 контейнерлік пойыздың қозғалысы ұйымдастырылды.

Үрімшіден шыққан пойыз Қорғас өткізу пункті арқылы шекарадан өтіп, Алтынкөл станциясына келеді,  әрі қарай  Ақтау портына жол тартады. Томат пастасы тиелген контейнерлер қазақстандық айлақта  фидер кемеге тиеліп, Әзербайжанның  Баку портына жеткізіледі, әрі қарай  – Беук-Кясикке (Әзірбайжан), содан кейін –  грузиннің Гардабани және Поти бекеттеріне жөнелтіледі,  сол жерден Неапольға бара жатқан кемелерге тиледі.

Бірнеше елдерді байланыстыратын және теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеуді қамтитын тасымалдаудың күрделі мультимодальдық схемасына қарамастан, KTZ Express жүктерді уақтылы жеткізу, олардың қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету бойынша кешенді сервис ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыз