Биыл ауыл халқының 91,8% сумен жабдықталады

Жарияланды
2021 жылы республикалық бюджеттен 69,2 млрд теңге бөлінеді

Ауыл халқының 91,8% биыл сумен жабдықталады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.    

Азаматтарға жайлы жағдай жасау ету үшін сапалы ауыз суға қол жетімділікті арттыру бойынша шаралар қабылдануда.

Бүгінгі таңда 4 мыңға жуық ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған және 200 адамнан аз адам тұратын 403 ауылда су тазарту жүйесі орнатылған.

1922 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтаумен және суды тазартудың жергілікті жүйелерімен (КБМ) қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасында және «Нұрлы жер» бағдарламасында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен шамамен 400 млрд теңге бөлу көзделген.

Осы шаралардың барлығы 2025 жылы ел халқының 100% сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2021 жылы республикалық бюджеттен 242 жобаны іске асыруға 69,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті 91,8% дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз