50 үздік ғылыми қызметкерге 5 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындалады

Жарияланды
Министр биылдан бастап 500 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамалардан өтуге жібермек

50 үздік ғылыми қызметкерге 5 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындалады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғалымдарды кәсіби мерекесімен құттықтады. 

    «Енді жыл сайын 50 үздік ғылыми қызметкерге 5 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындалады. Мұндағы механизм «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсына ұқсас болады. Бұл «Ғылым туралы» Заңға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес мүмкін болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен 2020 жылы БҒМ-ге қарасты ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту және жұмысын жандандыруға бағытталған жаңа бюджеттік бағдарлама ашылып, 2,8 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 23 ғылыми-зерттеу институтына жабдықтар сатып алынды», – деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында.

Министр биылдан бастап 500 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамалардан өтуге жіберу және «Жас ғалым» жобасы аясында 1 мың грант бөлу бойынша жұмыстар жүзеге асырылатындығын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз