437 мың мемлекеттік қызметкер салық декларациясын тапсырды

Жарияланды
Бұл жоспарланған көрсеткіштің 91%-ы

437 мың мемлекеттік қызметшілер және олардың отбасы мүшелері салық декларациясын тапсырды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Декларациялаудың бірінші кезеңі аясында 437 мыңнан астам адам салық есептілігін тапсырды,  бұл жоспарланған көрсеткіштің 91%-ы.

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысы барысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық декларацияларын мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары тапсыруы керек.

   «Декларация тапсырудың халық арасында ең танымал тәсілдері – бұл E-Salyq Азамат мобильді қосымшасы және салық төлеушілер кеңсесі. Олар барлық қабылданған декларациялардың шамамен 95% құрайды», – деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.

Жалпыға бірдей декларациялаудың ұзақ мерзімділігі мен ауқымын ескере отырып, 2020 жылы жалпыға бірдей декларациялауға көшудің 2020 – 2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданды.

Осы жоспар аясында биыл Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың, сондай-ақ олардың жұбайларының кірістері мен шығыстарын талдаумен толық қамту үшін Жоспарда уәкілетті мемлекеттік органдармен бірқатар интеграциялар көзделген.

2022 жылы Қаржы министрлігі бірінші кезеңді талдаудан кейін өз базаларын пысықтауды жоспарлап отыр. 

Барлық қажетті нормативтік құқықтық актілер осы жылдың екінші тоқсанының соңында қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыз